Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Жас тағдырға берілген сынақ

Шығысқазақстандық жас қыз елде ең сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Израиль елі мен Ресейдің Мәскеу қаласының дәрігерлері оны емдеуге келісімдерін беріп отыр, алайда ол үшін қаражат қажет

23 жастағы Перизат Аубакироваға бүгінгі таңда оптикомиелит диагнозы қойылып отыр. Бұл жүйке жүйесін миелинсіздендірілетін ауру.

Перизат болашағы зор үміт күттіретін жандардың қатарында болды. Ол Зырян қаласындағы музыкалық мектептің хореография бөлімін бітіріп, түрлі байқауларға қатысқан. Ол сұлулық сынына қатысып «Зырян қаласының вице-мисі» номинациясына да ие болды. КАСУ колледжіне оқуға түскеннен кейін де ол өзінің белсенділігін еселей түсіп, түрлі үйірмелерге, спорттық шараларға қатысып, ғылыми жұмыстармен айналысып, өзінің жан-жақтылығын көрсетті. Дарынды, талантты адамның әр бастамасы өрге жүзетіні анық. Перизат оқуды да, қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүре білді.



                                                                Ажал айтып келмейді

Перизаттың ауруы алғаш сыр бере бастаған кезде жақындары жай сырқаттанып қалды деп ойлаған. 4 жыл бұрын қарапайым тұмау ретінде басталған аурудың диагнозын анықтау да жергілікті дәрігерлер үшін оңай болмады.

- 2013 жылдың 25 ақпанында ауыра бастады. Басында тұмау ретінде басталды. Денсаулығы әлсіреп, тәбеті қашты. 46 күн тамақ іше алмады. Диагнозын таба алмай қалалық ауруханалардың барлық бөлімдерінде жатып шықты. Бірақ жергілікті дәрігерлер нақты диагнозды әртүрлі қойды, - дейді Перизаттың әпкесі Индира Аубакирова.

Денсаулығы нашарлай бастаған кезде Астана қаласына апарып, ем-шаралар жүргізілді. Өскеменге қайтып келіп, аяққа тұрып, ел қатарлы болдым-ау деген кезде ауруы қайта сыр беріп, қол-аяғы тартыла бастады. Көздерінің көруі де күрт төмендеп кетті.

- 2013 жылы бізге қазіргі диагнозды Новосібір қаласында қойған. Дегенмен қазақстандық дәрігерлер ол диагнозды қабылдаған жоқ. Бірақ 2015 жылы ел дәрігерлері оптикомиелит диагнозын қойды, - деп атап өтті Индира.

Айта кету керек, қыздарының диагнозы тұрақты емес екенін білген ата-анасы, жақын туғандары ауруға қатысты жан-жақты ақпарат жинаумен болды. 2014 жылы елімізде ұйымдастырылған медицина саласындағы халықаралық форумда Перизаттың ауруын Израильде емдеу мүмкін екені айтылып, шақырту беріледі. Шақырту өзінің күшін әрі жойған жоқ. Сонымен қатар көмек іздеу барысында Мәскеу қаласынан да емделуге шақыру қағазы келді. Бірақ өзге елге барып, ем қабылдаудың өзі қыруар қаражатты талап етеді.


                                                                         Үміт оты өшпейді

Перизаттың төсек тартып жатқанына 2 жыл болғанын есептемегенде, қазіргі уақыттағы жағдайы бір қалыпты. Әлеуметтік желілердегі көмек сұрап, жиналған қаражаттарының барлығы емделуге жұмсалады.

- Ем қабылдаудың өзі қыруар қаражатты қажет етеді. Үй жағдайында да түрлі дәрі-дәрмектер алып отырамыз, - деп атап өтті Индира.

Бұл Азия елдерінде сирек кездесетін ауру болса да, Еуропа елдері үшін жат емес ауру екен. Бұл оңай үрдіс емес.

- Бұл ауру сирек кездесетін болғандықтан көптеген клиникалар бас тартты. Бірақ біздің үмітіміз үзілмейді. Өйткені Перизатымыз небары 24 жасқа келді. Оның өмірі әлі алда - деп қосты Аубакирова Индира.

Перизатқа қол үшін созу әркімнің қолынан келеді.

Алушы: Перизаттың әкесі Аубакиров Муратбек Елтаевич

Банк: АО Казкоммерцбанк

БИН: 960641000015

Счет: kz79926100142k968000

qazkom картасы: 4003 0327 3808 0490

swift: kzkokzkx

qiwi кошелек: +77715123215

Байланыс нөмірлері: 8-771-512-32-15, 8-775-668-26-37, 8-777-148-62-14.
Следующая →