Жетекпен үйренгеннен шебер шықпайды...
Дала үнін шежіре етіп күмбірлеген домбыраның қоңыр дауысы қазақ баласының асыл мұрасы болып қала бермек
Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында ең алғаш кездеседі. Домбыра талай аңыздың аңысында болып келген аспап екені мәлім. Тарихтың қойнауынан сыр шертетін бұл аспаптың тілі барын да музыка шеберлері айтып кеткен. Мысалы, көршілес орыс ұлтының балалайкасы немесе шотланд елінің волынкасы және осы сияқты көптеген аспаптарды атауға болады. Бірақ ол аспаптардың иелері аспаптарымен сөйлеседі дей алмайсың. Ал қазақ халқының кейбір жыраулары, атауын атамаған жырды бейнесіне қарай, толғауы мен суреттелетін сарынына қарай танып қоятын болған көрінеді. Ал жырдың көлемі бір домбыраның өзінде қаншама?
Домбырамен балалық шағында танысқан
Киелі домбыраны тану бір бөлек, оны жасаудың өзі бір бөлек болар. Оны шерткен адам мен жасайтын адамның табиғаты бір деуге келмейді. Шертер адам күмбірлеген дауысының түрленуіне, ұйқасуына мән береді. Ал жасаушы, оның түрленуінің мүмкіндігін, кеңдігін, жан-жақтылығы мен қисындылығын қолымен жасайды.
Осындай шеберлердің бірі Қабыкен Ахметқалиев Зайсан қаласындағы кішігірім шеберханасында қазақ музыкалық аспаптарының түр-түрін жасап, бұл өнерді терең меңгеруде. Шебер табиғаттың ағаш шикізатына бала күнінен бастап қалып түр бере бастаған екен. Өнердің басы суреттеу мен қиялдаудан басталса да, бала Қабыкен ең алғашқы күшін де домбыраға сарп етіпті. Ағаштан шама-шырқасы келгенше ойып, шегемен, балғамен «болмаса да, ұқсап бақтың» аспабын жасап шығарған екен.
- Иә, аспаптарды қолымнан келгенше бала күнімде шауып жасап жүретінмін. Анығын айтсам бір 7-ші 8-сыныптарда болған шығар. Кейін 1970 жылдары оқуымды бітіре салысымен әскерге шақырылдым. Ал 1974 жылы Алматыдағы музыкалық аспаптар жасайтын колледжін 2 жыл оқып шықтым. Содан кейін Ұлттық аспаптар жасайтын шеберханада алты жыл қызмет етіп келдім.
Сол кездегі ақсирақты апайтөс жас шебер, тағдырдың болжауымен туған жеріне қайтып оралатынын ойламаған да болар. Бірақ «құдай берем десе, пайғамбар қыңқ» етпейді дегендей алған білімінен талай уақытқа дейін үзілді-кесілді ажырап кететінін өзі де аңдамаған болар.
- Алты жыл ішінде талай қобыз, тримарк, домбыра жасап жүрген едік. Бұл Алматы қаласында, жастық шағымыздың жалындап тұрған күндері еді. Кейін, отбасылық жағдайларға байланысты туған жерім Зайсан қаласына қайтып келдім. Алматыдай алып қала болмаса да, сұлбасы келетін туған жердің топырағында терімізді жан жақты салаларға төгіп те көрдік. Құрылыс саласында, жалдамалы да жұмыстарды істей жүріп міне зейнеткерлікке шыққаныма екі жыл болып еді. Жастық шағымда шабытымды еліктірген осы өнерді өз үйімнің іргесінде қайтадан жандандыруды қолға алдым.
Ондаған жыл бойы қойып кеткен саласын қайта қолға алған шебер 1952 жылы Зайсанда дүниеге келген.
Аспаптар қалай жасалады
Домбыра жасау өнері тек үлкен ептілікті қажет ете ме? Шебердің айтуынша музыкалық аспаптың қай түрін жасасаң да үлкен шыдамдылық, сабырлылық, талғам мен музыкалық өнерден кішкентай ғана хабарың болуы керек. Қазір шебер кезкелген аспапты тапсырысқа орындайды. Домбыра жасауды үйренуге талпынбаса да, шертіп үйренуге талпынатындардың табылып жататыны қуантады.
- Шертер, қобыз бен домбыраларды музыкалық мектеп тапсырысқа береді. Аспаптарды сұраныс бойынша ғана, жергілікті Зайсан ағашынан жасаймыз. Алматыда өсетін қымбат ағаштарға тапсырыс беруге қазір шамамыз жоқ. Егер жасатушы қажетті материалымен қамтамасыз етсе қалағанын жасауға болады, немесе қаражатын берсе тапсырыс беруге болар еді. Ал қазіргі жасап жүрген аспаптар музыкалық мектеп үндестігіне келеді деймін.
Қабыкен аға қазір зайсандықтардың сұраныстарын толық қанағаттандырып жүр деуге болады. Оқу мезгілі ашыла салысымен балалар да, ата-аналар да қажетті аспаптарына тапсырыс беріп немесе сынғаны болса жөндетуге алып келеді. Жылына неше домбыра жасайтыны туралы сұраққа шебер күле қарады. Бұл сұрақ оның айтуынша орынсыз, себебі есеп жүргізетіндей асып, төгіп жатқан қажыр жұмсамайтынын алға тартты.
- Айына бір-екіден жасаймын. Ал жаз кезінде қара жердің нәрін пайдаланамыз деп уақыт та болмай кетеді. Иә, жаз кезінде жұмыс бәсеңдейді, тоқтап қалады деуге болады. Тек елдің кішігірім сұраныстарын ғана қанағаттандырып жүремін. Негізгі іс осы қыс мезгілінде жүреді. Менің ісім қарапайым жұрттың талабын қанағаттандыру болып табылады. Күз кезінде, сабақ басталған кезде музыкалық мектептен тапсырыс келіп түседі. Міне осы кезде жұмысым қыза түседі. Немесе біреулер келіп сынған аспаптарын жөндетіп жатады. Кейде цех ашуға көмектесеміз деп келіп, жұмысымдың көріп кететіндер табылып жатады. Білмеймін, әзірге үн түнсіз ғой.
Шебер домбыра жасауға әртүрлі уақыт кетіреді. Кейде 5-6 күн, кейде апталап, кейде сапалы да, ауыр жұмыстарға айлар кетіп жататынын алға тартты. Сол сияқты, қобызға да, шертерге де сол уақыт кететін көрінеді.
- Домбыраның да бірнеше түрлері болғандықтан, оның деңгейіне байланысты да ауырлай түсетіні де баршылық. Әрине, жетіген сынды өзге аспаптар жасауға болар еді, тек уақыт пен материалдық тапшылықтар кідіртіп тұрғаны. Әйтпесе, қолымыздан келмейді емес қой.
«Сүйретіп қосқан тазы түлкі алмайды»
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деуші еді ғой атам қазақ... Міне бұл сұраққа келгенде шебердің қазіргі жастарға деген аздаған реніші бар сыңайлы.
- Жастарға айтасың, үйренгісі келмейтін сыңайлы ма... Есігімнің алдында кішігірім шеберханам бар. Ағаш та аздап қана түседі, қажетінші өзім тіліп аламын. Ізденіп келіп үйренбеген соң жастарды қалай үйретесің. Талайына айттым да, үйреніңдер, біліңдер дегенмін. «Иә, аға келеміз, үйренеміз» дейді де ұмытып кетеді ме, жалқаулыққа да айыптай алмайсың. Білімге, үйренуге ашық тұрған есікті ешкім келіп тұтқасын қозғамайды.
Ел ағасына айналған шебер орта жас буынындағы ересектерге де үйретіп көріпті. Бірақ ақшаның құны жоғары ойнап тұрған заманда, екінің бірі өнерді жоғары бағалайтын болар.
- Жарайды бала буыны бос қой деп, ересектеу келген өмірді танып қалған ересектерге де үйреткенмін. Олар да басында талпынып, табысы аз болған соң құрылысқа шығып кетеді. Оқушыларғы жиі айтамын, шақырамын, жетектеп әкеп үйреткенмен шебер шықпайды. Біздің кезімізде біреу ағаш сипаған болса да қызық көріп жанынан шықпайтынбыз. Мектептерге де барғанмын, иә келеміз аға дейді де қояды.
Суретшілер шеберханасында ағаш шебері болып қызмет еткен, кейін мұражайға қуыршақтаушы болып істеген шеберге, ақпан айында зейнеткерлікке шыққанына екі жыл болады. Өмір қандай арнасына бұрмаса да өзінің шығармашылық жұмысына шынайы беріліп қызмет еткен шебер, өмір бойы жинаған өнерін келесі ұрпаққа дарытуды армандайды.
Айдос Мырзахметов
Следующая →

Тақырыптар:
Жетекпен үйренгеннен шебер шықпайды...