Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Биыл 40 мың автокөлік жойылады

Өткен жылғы қорытынды бойынша елімізде 5 665 автокөлік жоюға қабылданған екен.

Ескі көліктерді қабылдау бойынша өткен жылы Шымкент қаласы бірінші орында тұр. Бір айдан астам уақыт ішінде  764 автокөлік  тапсырылды. 688 көлік өткізген Қостанай екінші орында. Алматы қаласында 496 ескі көлік қабылданды.
Жоюға тапсырылған танымал көліктердің қатарын «ВАЗ- 2105», «ВАЗ- 2106», «ВАЗ 2101», «ГАЗ 3110», «Москвич -2140» и «Мазда 626» сияқты техникалар құрайды. Бағдарлама бойынша тапсырылған ең ескі көлік құралы – 1948 жылы шығарылған «Москвич» автокөлігі болды. Оны Орал қаласының тұрғыны тапсырған. «Жылы жаңа» деген көліктердің соңын 2007 жылы шыққан техника түйіндеп отыр (7 көлік тапсырған). Жоюға қабылданған көлік құралдарының орташа жасы 25-30 жыл.
2016 жылы ҚР энергетика Министрлігі жеке және заңды тұлғалардан ескі көліктерді сатып алуға 10 мың квота бөлген. Ал қалған 4 335 квота биылғы жылдың 16 қаңтарынан бастап игеріле бастады. Тіпті, ағымдағы айдың 11-жұлдызынан бастап электронды кезек жүйесі енгізілді.
Негізінен кезекке тұрудың екі жолы бар, - деп хабарлайды ӨКМ Операторының баспасөз қызметі. - ӨКМ Операторының Call -орталығына - 8 800 080 08 65 хабарласу немесе auto.recycle.kz сайтына кіріп, арнайы форманы толтыру арқылы кезекке тұру. 
Жалпы Өскемен қаласында ақшалай өтемақы алу үшін  279 квота қалып, 16 қаңтардан бастап қабылдау басталды.
Ескерте кетейік, бағдарламада салық міндеттемесіне қатысты өзгеріс енгізіліп отыр. Яғни, бағдарламаға қатысушыға берілетін өтемақы есебінен Оператор жеке табыс салығын ұстап қалады (10% көлемінде).  Көлік иесі немесе өткізуге сенім білдірген адамнан (көлік иесінің атынан әрекет етушіге) салық алымы ұсталмайды. 
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, автокөлікті өткізушінің құжаты жіті тексерілетін болады. Егер құжат күмәнді болса, Оператор 3 жұмыс күннің ішінде қабылданған құжаттардың дұрыстығын анықтау мақсатында құқық қорғау органына тапсырады. 
2017 жылдың 1 ақпанынан бастап ӨКМ Операторы жаңа өндірістік кезеңге көшеді, - деп мәлімдейді ӨКМ Операторының баспасөз қызметі. -  Бұдан былай автокөліктер қабылданатын бекеттерде олар бірден жоюға әзірлене бастайды. Яғни, экологиялық талапты сақтай отырып автокөлікті тасымалдау және оны жою процесі былай жүрігізіледі: аккумулятор, шиналар шешіп алынады. Техникалық сұйықтақтар стандартқа арнайы ыдысқа құйып алынады. 
Сондай-ақ 2017 жылдың маусымынан бастап жүк көліктерін қабылдау да жоспарда тұр. Қазіргі таңда ҚР энергетика Министрлігі ӨКМ Операторының «Жылжымалы мобильді бекет» жобасын 2017 жылы жалғастыруды қарастыруда. Мобильді бекет жұмысын 26 елді мекенде жүргізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында. Жоба мақұлданатын болса, Мобильді бекет бағытын облыстық және аудандық әкімдікпен бірлесе жүзеге асыратын болады. 

Азамат Нұрболатұлы

Следующая →