Цифрлық көркем сурет өнерін дамытуда
Бүгінгі таңда дәстүрлі сурет өнері мен цифрлық көркем сурет өнері белең алып келеді
Сурет бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы тарихты, естеліктерді біздің заманға жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің талқысын, адазматтың әдемі ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы-мұң мен таңдай қақтырар, тамсандырар дәуірлеп гүлденген шағын табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін танып білеміз. Ерте заманда суретшілердің жұмысы бағаланатын және кең танымал болған еді. Кейін суретшілердің сағаттық жұмыстары фотоаппараттармен жасалатын жедел салатын суреттерге алмасып, суретшілердің жұмысы сұраныстан түсе бастады. Дегенмен бүгінгі заман суретшілердің де, фотографтардың да жұмысын теңдей бағалайды десек, артық айтқандық болмас. Өйткені бүгінгі таңда цифрлық көркем сурет өнері (живопись), яғни, суретшілердің компьютерленген жұмысы танымалдылық алып келеді.
Еңбек – ырыстың қазығы
Шығыс Қазақстан облысында цифрлық көркем сурет өнерін дамыта бастаған жас суретшілердің бірі - Айнаш Касенова. Ол сурет салуға деген дарынын тек 17 жасқа келген кезде ғана дамыта бастайды. Бірақ соған қарамастан, бүгінгі таңда Айнаш Касенованың суреттерін тек Қазақстан бойынша ғана емес, Ресей, Украина, Еуропа елдерінде де тапсырыспен сұратуда.
- Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде суретті тек сурет пәнінде салатынмын. Бірақ 1-2-сыныптарды арнайы суретшілер мектебінен оқыдым. Кейін 11-сынып оқып жүрген кезде дизайн және архитектура мамандығына оқуға түсемін деп бел буғаннан кейін, сызудан және сурет салудан арнайы курсқа жазылдым. Сол курстарда мені сурет салуға үйретті, - дейді жас суретші.
Сурет салу жай ғана өнер мен адам бойындағы ерекше дарын емес. Бұл талмай еңбектену деген пікірде Айнаш. Өйткені ол сурет салу үшін өз уақытының басым бөлігін арнайды.
- «Сенің дарының бар, соның арқасында сенің суреттерің жақсы салынады» деп айтатындар көп. Менің айтарым, өз тәжірибемнен түйгенім сурет салу үшін жай ғана дарын азшылық етеді. Ол үшін еңбектену керек. Талмай сурет салып, қолдарды жаттықтыру керек, - дейді Айнаш Касенова. – Мен өзім алғаш бастаған кезде күніне бірнеше жыл қатарынан күніне 3-8 сағат уақытымды сурет салуға арнайытынмын.
Бүгіннің өзінде жас суретші өзін дамыту мақсатында арнайы тапсырыстармен сурет салудан бөлек, шығармашылығын шыңдау үшін жаңашылдықтарды игеру мақсатында сурет салумен айналысады.
- Менің дарыным жоқ деп ойлаудың қажеті жоқ. Өйткені сурет салудағы шеберліктің өзі 1-2 айда пайда болмайды, оны шыңдау үшін жылдар қажет, - деп түсіндірді суретші.
Суреттің жаңа дәуірі келеді
Цифрлық көркем сурет – электронды суретті компьютер моделінің рендерингі (визуалдау) жолымен емес, адамның компьютердің көмегімен суретшінің дәстүрлі құралдарын қолдып салу.
- Қазіргі кезде әлемде цифрлық көркем сурет танымал. Еуропа, Америкада цифрлық суреттер жоғары бағаланады. Ал олардың жұмыстарын ойын шығарушылар қолданады, - дейді Айнаш Касенова.
Цифрлік көркем сурет салушылардың саны артып келеді. Олардың арасында нақты танымал тұлғалар көп және үздіктері жоқ.
- Әр суретшінің прогресі әр күні әрқандай. Егер бүгін біреудің жолы болып, тұрса, ертең оны басқа суретші басып оза алады. Өйткені цифрлық суретшілер ғажайып суреттер салады. Олардың жұмыстары онлайн сайттарға шығарылады. Қарап отырып, тамсана ғана аласың. Мен олардың дәрежелеріне әлі жете қойған жоқпын, - деп ағынан жарылды Айнаш.
Қазақстанда цифрлық көркем сурет енді-енді бастау алып, дамып келеді. Айнаш Касенова бұл жаңашылдықты біздің елге әкелушілердің бірі.
- Цифрлық живописьтің дамуы суретшілердің жас мөлшеріне де қатты әсер етуде. Мысалы, бұрын ұлы суретші ретінде адам орта жаста немесе қартайған шағында танылса, бүгінгі таңда танымал, жұмыстары ғажайып суретшілер 17-18 жаста. Бұл техниканың дамуы, заман талабы, - деп түсіндірді суретші.
Ескере кету керек, цифрлық сурет салудың дамуы түрлі ойындар мен мультфильм кейіпкерлерін қалыптастыруға да септігін тигізіп отыр.
Портрет – ел арасында танымал
Бүгінгі таңда суретші жұмыстарының ішінде портретке деген сұарныс жоғары. Айнаш Касенованың өзі де қарапайым пейзаж немесе өзге жанрдағы сурет салудан гөрі портрет салғанды ұнатады.
- Қоғамды қызықтыратын – портрет. Әсіресе, портреттер сыйлық ретінде жақсы таралады. Басында түрлі суреттер салып көрдім. Бірақ нәтижесінде тек портреттерім ғана ел арасында өз бағасын тапты, - дейді суретші Айнаш.
Бір орында тоқтап қалмас үшін Айнаш портреттерді дәстүрлі түрде қолмен ғана емес, компьютердің көмегімен де салады. Суретшінің айтуынша екі суреттің арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
- Цифрлық портрет дегенді көп адам түсінбейді. Олардың пікірінше мен суретті жай ғана бастырып, көшіре саламын. Бірақ ол олай емес. Мен оны дәстүрлі портрет сияқты саламын және оны салу үшін де дәл сонша уақыт кетеді, - деп атап өтті суретші.
Портреттерді салу барысында адамды отырғызып салу көп уақытты алады екен. Оның үстіне көп адамдар портретті сыйлық ретінде жасатқандықтан Айнаш көбінде фотоларға қарап салады.
- Портретті көп жағдайда сыйға тарту үшін тапсырады. Сондықтан фотоға қарап салуға тура келеді. Дегенмен, фотоға қарап салу уақыт үнемдеуге көмектеседі. Өйткені сен тыныштықта сол адамға қарап қана саласын, ал тірі адам алдыңда отырса, онымен тілдесесің, ол да қозғалады. Бұл уақыт жағынан ұзағырақ, - дейді Айнаш Касенова.
Айнаштың өзі қазіргі уақытта Алматы қаласында тұрады. Соған қарамастан өскемендік клиенттерінің сұранысын қарағаттандырып отыр.
- Алматы қаласына отбасылық жағдайыма байланысты көштім. Алғашында мұнда портрет саламын деп ойламадым. Тек Өскемендегі тапсырыс берушілердің қанағаттандырамын деген ой болды. Бірақ уақыт өте келе мұнда да тапсырыстар пайда болды. Дегенмен мұнда мен сияқты суретшілер өте көп. Сондықтан бәсекелестік те жоғары, - дейді ол.
Алдағы уақытта Айнаш өзінің суреттері тек Өскеменде ғана емес, Алматы мен еліміздің өзге қалаларында тұрақты сұранысқа ие болғанын қалайды.
Сурет салу адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке әсемдікке үйретеді. Сурет бұл адамзат баласының заманнан-заманға рухани эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы.
Следующая →

Тақырыптар:
Цифрлық көркем сурет өнерін дамытуда