Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Тоғжан Оспанова: - Қыз затына абыройлы болу күнә емес…

Жуықта жерлесіміз Тоғжан Оспанованың «Жаңа есімдер» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Қазақ суретшілері дегенде бірінші Әбілхан Қастеев ағамызды есімізге аламыз. Ал қазақ қыздарының арасынан суретші дегенді күнде ести бермейміз. Міне, Тоғжан Алтынбекқызы өз көрмесін 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арнайы ашты

? Қылқалам шеберлігін қалай меңгердіңіз?

- Балабақшада жүргенде тәрбиешілер шығармашылық жұмыстарымды жоғары бағалайтын. Ермексаздан жасалған бұйымдарымды, суреттерімді мұғалімдер ата-анама мақтап жүретін. Ата-анам мұғалімдердің сөзін ескеріп, балабақшадан соң сурет мектебіне берді. Сурет өнеріндегі негізім сол жерде қаланды.

? Суреттеріңізде көптеген жерлер бейнеленген екен…

- Иә, әкем геолог болғандықтан көптеген жерлерді көрген едім. Бір облыстан екіншіге көшіп жүргендіктен бұл өнерді тер төгіп, барымды салып меңгере алмадым. Сондықтан біраз уақытқа сурет өнерінен алыстап кеттім. Бірақ, әкем өзімен бірге лагерьге алып жүргенде суретті жиі салғызды. Сол кезде әкем де суреттеріме қарап, бұл өнерде әлеуетімнің бар екенін айтып жүретін. Мектеп қабырғасында да байқаулардан қалмадым. Кейін институтта оқып, тұрмысқа шыққаннан кейін де барлығынан қайта қол үздім. Уақытым болмаса да көркемсуретке сирек уақыт тауып жүрдім. Туған күндерде де әсем сәттерді ақ матаға түсіретінмін.

? Ұзақ үзілістен кейін қайта қылқалам алу қиын болған шығар?

- Балаларым ер жеткен соң бос уақытым әлдеқайда мол болды. Мұны байқадым да, қайтадан қылқалам ұстадым. Осы сәттен бастап үлкен бір ләззатпен туындылар жаздым. Басында аз-аздап қадам бастадым. Кейін көлемді шығармаларды сала бастадым.

? Шығармаларыңызды қандай әсерде жазасыз?

- Туындыларды әрқашан жақсы көңіл-күймен, әсем әуен тыңдай жүріп жазамын. Жағымсыз көңіл-күй шығармаларымда мүлдем жоқ. Әртүрлі тәжірибелер жүргізе отырып та жұмыс істеймін.

? Гүлдерді көптеп және жан-жақты бейнелепсіз. Ерлер қауымына айтып өтсеңіз, гүл сүймейтін әйел заты бола ма?

- Жоқ. Ондай әйел жоқ деймін.

? «Кофе патшайымы» туындысында әйел қасиетінде сирек кездесетін харизманы, билікті, күшті бейнелеген сияқтысыз. Кейбір жазушылар әйелге әлсіз болуға мүмкіндік беріңіз дейді…

- Мүмкін оны сіз сондай адам ретінде таныған шығарсыз. Бәлкім ол әйел шынымен сондай. Әркім өзінің мүмкіндігінше мән көреді. Бірақ оның намысы, адамгершілігі, сенімі мен абыройы бары анық. Бұл туынды өзіме қатты ұнайды. Кейде ол кейіпкерді маған теңеп жататындар да табылады. Ерлер заты да әртүрлі ғой, бәлкім мықты әйелдерді ұнатпайтындар да бар шығар. Бар мәселе талғамда ма деймін.

? Көрмеге қатысқан әріптестеріңіз бен достарыңызға бүгінгі күн тосын сый болғандай. Жалпы, өзге жасырған сыйыңыз бар ма?

- Жоқ, тіпті бұрынғы кездердегі картиналарымды да шығаруға тура келді. Себебі, көрме ұйымдастыру үшін 65 туынды болу керек. Маған осы санға дейін толықтыру керек болды. Әрине, өзге де жұмыстарым бар. Мысалы, Германияда, Ресейде шығармаларым бар. Кейде шығармаларымды сатып алып жатады, сондықтан оларды жеткізу уақыт пен қаражатты талап етеді.

? Кейбір суреттеріңізде қазақ орманына тән емес ағаштар, өзге елдің шопандары орын тауыпты. Саяхаттан хабарыңыз бар ма?

- Иә, Араб эмиратында болғанмын. «Шопандар» деген туындыда палестиналық арабтар бейнеленген. Шығстың киім үлгісіне қызығушылық тудырамын. Сонымен қатар Германияда болдым. Енді Испанияда болғым келеді.

? Сіз космополитсіз бе?

- Мен, иә. Әлемдегі бейбітшілік үшін жан саламын. Барлығы тең деп есептеймін, қан да, жан да тең. Адами тұрғыдан бөлінуге болмайды деп есептеймін. Мен, космополитпін. Мұсылмандар мені сынға алатын шығар. Бірақ мен бір жаратушының барына сенемін. Қараңызшы, көптеген мейрамдарымыз ұқсайды. Тек арасында күндері ғана бөлек.

? «Жеткіншектің мұңы» атты туындыңыз ерекше әсер қалдырды. Бүгінгі осындай мұңға берілген қаракөз қыздарымызға қандай кеңес айтар едіңіз?

- Қайғы бермей-ақ қойсын қыздарға. Бәрінің өткінші екенін біліп жүрсе деймін. Бұл да өтеді. Жоқ нәрсеге бола есіңді шығарып қажет емес. Ой келді ме, мұны ертеңге шегер. Ертең белгілі бір мәселеге бәрібір өзгеше қарайсың. Бұл картина 20 минут ішінде жазылды. Немерем орындықта ойлы отырғанда жазып үлгердім. Қыздарға тілейтінім, жастайынан намыстарын сақтасын. Абыройлы болу да күнә емес екенін біле жүрсін. Адамгершіліктері жоғары болып және білім жолынан тайынбасын деймін.

? Өнерде ұстамдылық деген дерт бар… Алыс кетпей, Ван Гогтың стиліне қалам сілтегеніңізді мысалға алсам.

- Өзімде ондай жоқ. Бірақ болғанын қалаймын. Жұмысыңа басыңмен кіріп кеткің келеді. Түнгі ұйқыңды шырт бұзып, қылқаламмен ақ матаның бетімен қол жүгірткенде де бір қуат бар. Суретшілердің көпшілігі талантты, ал мен жай ғана қабілеттімін. Қол жетпейтін дүниені бейнелей алғанымды мойындар едім. Осы жолда мен өзімді әлі іздеудемін.

? Туынды жазған көп уақыт ала ма?

- Иә, «Жеткіншектің мұңын» 20 минут ішінде жаздым. Ал Ван Гогтың туындысын қайталауға бір ай уақыт кетті. Барлығын бір сәтте істеу қажытады. Суретшілердің арқасы мен көзі көп ауыратыны сол, қысым көп түседі. Уақытың жоқ болса да қателікке қимайсың. Бірақ әдетте бір туындыға бес күннен артық уақыт жұмсамаймын. Бұған беріліп кетудің де жөні бар. Күннің қалай атқанын және батқанын аңдамай қаласың. Бес күн әп-сәтте өте шығады.

? 8 наурызға орай әйелдер қауымына қандай тілек айтасыз?

- Әйел суретшілер аз ғой. Қазақ қыздарының арасынан мүлдем саусақпен санарлық. Шығармашылық қабілет әр адамда бар. Адам генды түрде шығарушы. Бірақ мұның барлығын сылтаумен, еріншектікпен толтырып жатамыз. Әйелдер өздерін шығармашылық тұрғыда жетілдіре берсін. Бұл ең алдымен адам жанын байытады. Жаратушының ең сүйіктілері өнерпаздар екені белгілі. Шығармашылықты қабілетім жоқ дейтіндер, жоқ дегенде өздерін қалыптастырудан аянбасын деп тілеймін.

- Сұхбатыңызға рахмет!


Следующая →