Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Ерлан Қабатай: - Халықтың қырағы екенін есте тұту керек...

Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылының тумасы, шоумен Ерлан Қабатай шығысқазақстандықтарға әлдеқашан таныс болып үлгерген. Бүгінгі таңда бастаған ісін жалғастыра жүріп, сырлы сұхбатымен бөлісті

? Өскеменнің өміріндегі белсенді тамадалардың бірісің. Өмір сияқты өнер де балалық шақтан белең алады. Өнерге алғаш қалай аяқ бастың?

- Әр ауылдың баласы үшін балалық шақ естен кетпес сағыныш. Әр қазақ баласындай атқа мініп, туған жер топырағына аунап өскенбіз. Өнер жолына 2006 жылы Семей қаласында аяңдай жүріп аяқ бастық. Алғаш «Жайдарманға», «КВН»-ға қатысып, түрлі шараларда жанталасып жүрдік. Кейін 2008 жылдары той-думандарға шыға бастадым. «Жайдарманда» жүргенімде Павлодар қаласына әнші баламен үзеңгілес барған едім. Әрине, ең алғаш тек сырттан бақылаумен болдым. Тойға шақырған тамадалар келмей қалып, той иелері әншілерден басқаруды сұрады. Достарым, «ән байлығы бізден, той байлығы сенен» деп микрофонды ұстатты. «Ебін тапсаң қар да жанады» дегендей деміге жүріп, алғашқы жүгімді осылай арттым.

? Әлеуметтік желіде де жетістіктеріңді белсенді танытып жүрсің. Бірқатар асуларды бағындырып үлгерген сыңайлысың...

- 2014 жылы «КТК» арнасымен ұйымдастырылған «Тойбастар», 2015 жылы Тұрсынбек Қабатовтың «Көңілашар», 2016 жылы «Әзіл-фест» жобаларында бағымды сынап, тәжірибе алдым.

? Кез-келген дүниенің құны бар замандамыз. Қазіргі тамадаларымыз несімен бағалы болуы керек?

- Адамдар тамаданың мәдениеттілігін, тапқырлығын және ұтымдылығын жоғары бағалап жатады. Көңілдің көтерілер сәті, қобалжитын сәті тойда болғандықтан оның қуанышты, әсерлі болып қалуы маңызды. Кез-келген өнердің, дүниенің және тірі пенденің дамуындай әрқашан ізденімпаздықта жүргені керек.

? Халықтың алдындағы адамға халық сыншы. Елдің көңіліне тамадалардың бойындағы қандай қылық ерсі қабылданады?

- Әдептіліктен кеткен ерсі қылықтарды қазақ халқы ғана жақтырып па? Артық сөйлеп, тақырыптан ауытқысаң, не болмаса ұятсыз ойындар болып жатса халықтың сынына кім болсын ілігеді. Тойда мас болып көңілге өзі салынып кетсе, кешігіп келсе де ел жақтырады деу қиын. Тойға келеміндеп алып, басқа біреуді жіберетіндер табылатын шығар. Ел ішінде «еркектің екі сөйлегені, өлгені» деген сөз шығады. Мұның барлығы жалпы айтылған сөз, халықтың қандай қимылға болсын қырағы екенін есте тұту керек.

? Кез-келген шығармашылық адамында қарыштау мен құлдырау болады. Бұл сені де айналып өтпеген шығар?

- Бір тойда бес-алты костюм ауыстыратын тойлар болды. Ең алғаш достарым «несіне киіміңді ауыстыра бересің?» деп күлген кез еді. Осы сәтте ел пікіріне сағым сынды десем болады. Көңіліме алып қалған шығармын. Бірақ, кейін Самар ауданына барғанымда бұған мүлдем қарама-қайшы пікір естідім. Тойдың үзілісі кезінде қаракөз апайларымыздың бірі бірнеше рет той жүргізгенімді байқағанын айтып, «Киіміңді жиі ауыстырғаның ұқыптылығыңның белгісі. Халықтың көңілі сенің назарыңда, сен оған ұқыпты қарайсың. Ал бұл өз кезегінде елдің өзіне де сын», деп қанаттандырып қойып еді.

? Бұрынғы сал-сері мен бүгінгі тамаданы қатар қойсақ...

- Бұрынғы мен бүгінгіні салыстыруға келмейтін сияқты. Сал-сері әсемдік пен көркемдіктің, көрегендік пен көсемділіктің, сегіз сырлы суырыпсалмалы өнердің кескін-келбетін келтіріп тұратын. Бүгінгі бір аппаратураның көмегімен дүйім халықты думан ететін асабаның жанында сал серіліктің тұғыры әлдеқайда биік болып келеді. Бәлкім, тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда баянмен, аспаптармен жанды дауыста ән айтып елдің көркін келтірген дәстүр жалғасын тапса, баламалап «серіліктің жалғасы болды» деп айтуға келер ме еді. Бірақ, өз пікірімше асабалықты серілікпен тең қою күнәға жақын болатын сияқты.

? Қазір әлеуметтік желіде тойдағы ұятсыз ойындар кең талқыланады...

- Той алдында кездескенде «ойындар жүргізесің бе?» деген сұрақтар қойып жатады. Өзім үшін жауап берер болсам, ондай ойындардан әсте аулақпын. Бірақ, тойда қонақтар тарапынан, мысалы, жас қыздарымыздың ішінен ашық-шашық биге әуестік білініп жатады. Сол кезде үлкендер тарапынан түсініспеушілік болмасын деген сақтықпен «бұл той иелерінің достары» деп, «келесі жолы сізді қазақтың ұлттық киімімен, ұлттық биімен көрейік» деп айтып жатамыз.

? Туфли ұрлау, торт кесу сынды қалыптасып келе жатқан дәстүрлер туралы не айтасың?

- Өз басым, туфлиге де, тортқа да қарсымын. Қасықтап жеген тәттінің өзі сырап болып қалады. Торттың орнына апаларымызға шай беріп құрмет көрсетейік. Сонымен қатар, қазіргі заманда тұрмысқа шыққан қаракөздеріміздің арасында гүл лақтыру дегеннің бар екені белгілі. Мұның мәнін барлығы жақсы біледі. Келесі болып осы сіңлім тұрмысқа шықсын дегені ғой. Енді, мұның екінші жағын қарасақ тұрмыс құрмаған ерлеріміз қаншама. Осы кезекте біз ерлер арасында да эстафета өткіземіз. Мысалы, үйленуші жігітті тұрғызып қойып, «өзіңнен кейін жолыңды кімге бересің» дегендей ой тастаймыз. Бұған жігіттеріміз де ойланып қалатын болады...

- Сұхбатыңа рахмет!


Следующая →