Әскердегі 15 жыл...
Күйбең өмірінде көзін соғыстан ашпаған қазақ ата-бабамыздың «аттан» деген дабылға еті үйреніп кеткен де шығар. «Диірменде туған тышқан дүрсілден қорықпайды» дегендей, Ұлы Отан соғысының дабылы қағылғанда қаншама қыршын жастар қанның иісі келген майдан даласына бастарын бұрды. Посткеңестік кеңістіктегі еркек кіндікті азаматтардың барлығы дерлік қолдарына қару алып, ұлы соғысқа аттанды. Міне, небары оныншы сыныпты тәмамдап, еңбекпен күн көрем деген үмітті арқалаған жеткіншек Әбдіғали Қаймолдин бар арманын жеңіске қиды
Ең ауыр соғыс «алғашқы»...
1921 жылы 30 маусым күні дүниеге келген ардагер атамыздың 96 жасқа толуына бір жарым ай ғана қалды. Жеңіс күніне санаулы күндер қалғанда, есейіп үлгермеген шағындағы тағдырдың ойнақы мінезін еске алады.
- Соғысқа мені 1941 жылдың қазан айында еріктілер қатарында әкетті. Ол кезде бар жоғы оныншы сыныпта оқып жүрген едім. Бізді Сталинград қаласына алып келіп, комсомол партиясының қатарына өткізді, - дейді Әбдіғали ата.
Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып шыққан ардагер 4 рет ауыр жарақат алған. Ардагер соғыс алаңында ешкімнің күтпеген жағдайдан сақтандырылмағанын айтады. Атылған оқ, жарылған снаряд, аспаннан ызыңдап келіп түскен бомба, барлығы сені жоюға арналған, сені жоюға бағытталған.
- Жарақаттың көбі бомба сынықтарынан болады. Снарядтың өзі жарылғанда оның сынықтары бытырай шашырайды. Ұшақтан атқанда да жаныңдағы снарядтар жарылып кетуі ғажап емес.
Сталинград шайқасын білмейтін азамат жоқ шығар. Неміс әскері Франция мен Чехославакияны бір айда басып алғанда, Сталинград қаласында бір айда бір көшеден екінші көшеге әрең өтіп отырған. Тіпті, қазіргі Ұлы Отан соғысы мұражайларында атылған екі оқтың бір біріне тиіп, жапырылып қалған нұсқалары кездеседі. Тіпті, оқтардың өзі таршылық көріп отырған соғыстың шынайы бейнесін елестету әсте мүмкін емес. Әбдіғали атамыз осы соғыстың қанын кешкен еді.
- Ең ауыр соғыс, ол «алғашқы соғыс». Енді майдан алаңына келгенде «Артымызда Мәскеу, шегінуге жол жоқ» деген ұранмен қару ұстатады. Кейін «Сталинград» үшін десе, одан кейін «Отан үшін, Сталин үшін» деп ұранға салдық. Кейіннен «Курск доғасы» үшін жан аямай арпалысып, жеңіп шықтық. Міне, сол сәттен бастап біз бірде-бір рет шегініп көрмедік. Тек алға жылжи бердік, жылжи бердік..., - дейді Әбдіғали ата.
Жер шарын жаяу аяңдап өттік...
- Сталинградтың түбіне келгенде мені артиллерияға қойды. Соғыста жаяу әскердің алдында 76 миллиметрлік пушкалардан атыс жүргіздік. Әдетте артиллерия артқы шепте тұратын. Бірақ бұл жолы жағдай мүлдем өзгеше еді. Мәскеуге таяп қалған неміс әскері жеңіске жақын қалған соң барлығын тегіс қылғытамыз деп әскерін аямай төкті. Алдымызға олардың ең күшті «Тигр» танкісі, брондары қалың өзі жүретін пушкалары шықты. Оларды бронды тесетін снарядтардың өзі 500 метрлік жақындықтан ғана алатын, - дейді алғашқы күндерін еске алған Әбдіғали Қаймолдин.
Сталинградтан бастап, жер шарының жартысын аяңдап өткен әскерлер Дон ағысынан Еуропа даласына қарай қимылдай берді. 4 рет жарақат алғанына қарамастан Әбдіғали ата үйіне қайтпастан соғыс алаңына аттана берді. Ардагер ата тек азат еткен қалалармен бірге, соғысқан әскер қатарынан да талай ауысым көрген
- Соғысты Дон ағысының ортасынан Воронеж фронтында жүріп бастадық. Сталинград фронтынан кейін біздің бөлім екіге бөлініп, біз Бірінші украиндық дала фронтына аттандық, - дейді Еуропаның бір қаласынан жаңылмаған ардагер. - Кейін Беларусь үшінші фронтына әкелді. Орскі мен Витинск қалаларын азат етуге сол фронтта қатыстық. Үшінші Балтық түбегі фронтында Литваның бұрынғы астанасы болған Каунас қаласын азат етіп болысымен, Вильнюс қаласына жіберген. Одан кейін Пруссияның шығысына жіберіп, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры Черняховский Иван Даниловичтің қолбасшылығымен Инстербург қаласына кірдік. Қазір бұл қалаға сол генералдың аты берілген.
Соғыс бітсе де Отан алдындағы міндет бітпеді
Курлянд әскерінің тобында Кеннисбергті жаудан қорғаған ардагер 1945 жылдың 9 сәуірінде қаланы жаудан азат етті. Алайда әскери қызмет мұнымен аяқталмады. Соғыс біте салысымен Әбдіғали Қаймолдин әскери қызметке көшті.
- Соғыстан кейін бір жыл Рижский әскери округінде әскери қызметте болдым. 1947 жылы қайтадан әскер қатарына шақырылып, Семей атом полигонында қызмет еттім. Жиналып келгенде барлығы 15 жылым әскерде, оның үштен бір бөлігі соғыста өтті, - дейді Әбдіғали ата.
Соғыс біткенімен, еңбек фронтының тынымы бітпеді. Қираған шаруашылықтарды, фабрикалар мен зауыттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылдарға созылған арпалыстың қызуы басылмастан, күштің барлығы жұмысқа салынды.
- Кейінгі 25 жыл уақытым кеңестік партия қызметінде өтті. Семей облыстық комитетінде, Новопокровка ауданында райком, райисполком хатшылығында, совхоз директоры, партком хатшысы болып жұмыс істеген болатынмын. 1982 жылы дербес зейнеткерлікке шықтым, - дейді Әбдіғали Қаймолдин.
Өсиет...
- 1945 жылы қыркүйек айында жеңістен кейін «КПСС даңқты мүшесі» деген белгі берді. Бізді пионер, компартия етіп тәрбиелеген болатын. Адал істеңдер деген тәртіп тұрды. Өтірік айтқандарды жақтырмайтын. Кісі ақысын жеп, оның еңбегін жеген жоқпыз. Адалдық пен ақиқаттың жолында болдық. Кейінгі ұрпаққа да осыны айтамын. Еңбексүйгіш болыңдар, қиындыққа шыдай біліңдер деймін, - дейді өмір жолындағы тәжірибесін өсиет еткен ардагер.
Бейбітшілік орнағаннан кейін Әбдіғали атамыз шаңырақ көтеріп екі ұл, екі қыз сүйді. Олардан 9 немере, 10 шөбере тарады. Бір жарым айдан кейін ақсақалдың 96 жасқа толған мерекесі мен партия мүшелігіндегі 75 жылдығы келіп отыр. «Балалы үй базар» дегендей, қарт ата әлі де ширақ қозғалады. Асыл сүйекті атамыз «адалдық пен еңбекқорлықты» жоғары бағалайды.
- Еңбек деген арбаның дөңгелегіндей айнала береді. Бір науқан екінші науқанды айналдырып келе береді. Халықпен де жұмыс істеу керек. Адамгершілікті сақтай білу керек. Адал бол, кісі ақысын жеме, адамдарға да қастандық жасама. Тура сөйле. «Шешінген судан тайынбайды» дегендей шешімді болу керек. Қазіргі басшылардың да келер ұрпаққа берері, аманат етіп қалдырар дүниесі, өнегесі болуы керек, - дейді ақсақал.
Следующая →

Тақырыптар:
Әскердегі 15 жыл...