Зайсан ауданы Қытайға ет сатуды ойлап отыр
Зайсан ауданында 2016 жылы ашылған, құны 150 млн теңгені құрайтын «Нұр» кіші ет зауыты алдағы уақытта Қытайға ет сатуды жоспарлап отыр
Бұл жайында Зайсан ауданы әкімі Темірбек Жұмақұлұлымен болған пресс-конференцияда айтылды.
Аудан басшысының ойынша, Зайсан ауданы Қытаймен шекаралысып жатқан әрі кедендік байланысы бар жалғыз аймақ. Сондықтан Қытаймен арадағы шекара мен кеденді пайдалануға тырысуымыз қажет дейді.
- Қазіргі уақытта ет комбинатына, ет лабораториясына халықаралық сертификат алуға әрекет етіп жатырмыз. Қытайға шығарылатын ет сол мемлекеттің де ішкі нарық стандарттарына бағынуы тиіс қой. Жақын уақытта қытай мамандары келіп, өздері де тексеріс ұйымдастырады, - деді Темірбек Жұмақұлұлы.
Кіші ет комбинатының жылына 2200 малды союға жағдайы бар. 100 тонналық ет сақтау мұздатқышы және 50 тонналық етті уақытша сақтау тоңазытқышы орналасқан.
- Комбинаттың құрылысы толықтай дайын. Тек сертификат алу ғана қалды. Алған соң, Қытайға ет өткізе бастаймыз, - деді аудан басшысы.
Следующая →

Тақырыптар: