Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Отбасы – Отанның шынайы үлгісі

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері көп өзгерістер орын алды

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері көп өзгерістер орын алды. Бағыт-бағдары жоқ мемлекет тұрғындары өз күнін өздігінше көріп жатты. Өмір сүруге талшық болар деп, ауыл тұрғындары қалаларға ағылды. Бұл да қалыпты жағдай еді, себебі өмір көзі үшін адам жердің шегіне болсын аттанады. Алайда, бұл жағдай мүлдем өзгеше...

Тағылымы таңдай қақтырмаса да, талайдың өміріне үлгі болары анық. Әңгіме төңірегі де қарапайым отбасы турасында. Зайсан ауданының жайылымдарында жайдарман өмірдің кемелді күндерін кешіп жүрген шаруа қожалығындағы Ұяхан Қамшыбаев мен Назигүл Мусинаның бір күндік өмірінен үзінді алып көрдік.


Ананың алды – ақ жайлау


Қыста қыстауына, жазда жайлауына аттанатын қазақ көрмеген жан жоқ шығар. Көшпелі өмірдің көшесімен ғана жүретін адамдардың өмірі қалай өзгеше болмасын? Қарапайымдылық пен мамыражай мінезі адамды әңгімеге бірден тартады. Осындай ажарлы мінезді Назигүл апамызбен әңгімелесе отырып, бір үйдің баласындай болып кетесің-ақ.

- Отбасымызда жұбайымызбен үш ұлымыз бар. Қазір олардың барлығы шаңырақтарын көтеріп, сан саланың иесі. Алты немеремізбен алып болмаса да, ауыз толтырып айтарлықтай үлкен отбасыға айналып үлгердік. Үлкен ұлым Бауыржан Қамшыбаев «Қазақ Ұлттық университетінің» «Қазмұнайгаз» бөліміндегі инженер-химик технолог мамандығында. Ал екінші ұлым Медет өзіміздің шаруа қожалығымызда, техникалық жұмыстарды атқарады. Үшінші ұлымыз 1987 жылғы Рауан әскери институтын бітіріп, 10 жыл қатарынан Аягөзде батальон командирі қызметінде жүр.

«Естіген құлақта жазық жоқ» дегендей, «ауылдан барып не табасың?» деген қатқыл да, қытымыр сөздер естуден ешкім сақтандырылмаған болар. Төрт қабырғаға бекінген қала тұрғыны жайлаудың жазық дүниесін көргенде тәуелсіздіктің мәнін түсінетін шығар. «Аяқты кеңге салу» деген сөз де осы жайлауда айтылатыны анық. Ауылдан Назипа апамыздың ұлдары артық болмаса, ешкімнен кем болмайтындай білім алған.

- Қазір ұлдарымыз ұядан ұшып, қанаттары әбден қатайып болған. Жанұялары бар. Бір келінім немеремізбен жанымызда. Екіншісі Аягөздегі әскери бөлімде дәрігерлік қызметте. Ал үшінші келініміз де балабақшада дәрігер.

Қамшыбаевтар отбасы асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын қожалықта тер төгуде. Қазір «Жомарт» шаруашылығы Зайсан ауданының барлық мектептері мен балабақшаларын сүтпен қамтамасыз етуде. Ұяхан аға – жауынгер-интернационалист. Ал Назигүл апамыз болса, кезінде үш шақырылым депутаты, мұнымен қоса, Кеңес Одағы заманында есімі елге танылған сауыншы болған.


Жаздың бір күні - қыстың бір айлық азығы


Зайсан ауданында асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын «Жомарт» шаруа қожалығы жанұялық кәсіпке айналып кеткен. Қамшыбаевтар отбасы тәуелсіздік жылдарының басынан бастап, жамбасын жерге тигізбей еңбек етіп келген үлгілі жанұя. Бір балабақшаны сүтпен қамтамасыз ету қаншалықты күрделі болса, аудан балаларын тегіс қамтып отырған «Жомарт» шаруа қожалығының үлесін елестету мүмкін емес шығар.

- 2001 жылдан бері асыл тұқымды мал басын өсіру бойынша жұмыс істеп келеміз. Былтырғы жылы Ресейден асыл тұқымды 58 қазақтың ақ бас құнажындарын әкеліп, асыл тұқымды тайпалық дәреже алдық. Биыл бірінші рет асыл тұқымды мал сатып, пайдасын көрудеміз. 16-18 айлық бұқашықтар сатып, барлығын асыл тұқымды түрге айналдырып келеміз. Қарапайым сиырларды сатып, енді асыл тұқымды мал санын көбейтейік деген жоспарымыз бар. Екі бұқамен барлығы 60 бас сиыр алсақ, қазір жүздің үстіне шығара алдық.

Тарихи романдарда суреттелген көшпелі өмірдің шынайы бейнесін жайлауда көруге болады. Шаруа қожалықтарында әр мезгілдің өмірі өз жайында. Мезгіл құбылтқан табиғаттың түсімен бірге бұл өңірде оның ландшафтылары, асулары мен көркі де өзгеріп тұрады. Әрине, бұрынғы замандағыдай киіз үй көтеріп көшу дағдысы өзгергенімен, көшу барысында ата-бабамыз өткен жолдың лебі есетіні анық.

- Қыстауымыз Алтай өңірінде. Қазір күздік жерімізде отырмыз. Бұл жерде біз бір ай тұрақтаймыз. Енді бір-екі күн ішінде жайлауға көшу қамын ойластырып, дайындықта жүрміз. Жайлауда ұялы телефонымыз ұстамайды.

Өркениеттен тыс жатқан жайлаудың өмірі ерекше. Тұрмыстық өмірдің үрдісі жылдам қозғалған сайын адамдардың тілдік қатынасы да күрделеніп барады. Тіпті, қазіргі таңда ана баласымен, бала анасымен сөйлеспейтін жайттар да жеткілікті. Ұялы телефон ұстамайтын жайлаудың көрінісі мұның тіптен қарама-қайшы жағы. «Адамның күні адаммен» дегендей, бұл жерде тек визуалды қатынас орнатасың.

- Шалғайда жүргендіктен шаруа қожалығының барлық құжаттамасымен үлкен ұлымыз Бауыржан айналысады. Бауыржан барлық шаруашылық істерді терең меңгеріп алған. Мен бұл шаруашылықта жетекші қызметіндемін. Жайлауда ұзақ болғандықтан сүтті тасымалдау қиынға соғып кетеді. Сондықтан сүтті қыс кезеңінде өткіземіз. Жыл он екі ай сиыр сауумен өтеді. Қазан айынан наурызға дейін алты ай сүт өткіземіз.


Еңбек - бейнет емес, зейнет


Қамшыбаевтар отбасы шаруа қожалығы бойынша жұмыстарын әлдеқайда ертеректе бастаған. Асыл тұқымды мал өсіре бастағанға дейін, отбасы қарапайым шаруа істерімен айналысып келген

- 1996 жылы кеңшарлардың барлығы тарады. Ол кезде мен сауыншы едім. Ал жұбайым Ұяхан малшы қызметінде еді. Кеңшар тарасымен оның құрамындағы жайлау, қыстауға ие болып қалдық. Кейін қолымызда бар малымызды жинап, шаруа қожалығын құрдық. Қазір де жоспарларымыз бар. Балаларымызбен ақылдасып сол жерлерді игере бастаймыз.

Бұл қожалықтағы асыл тұқымды мал стандартқа сай. Палатаға бекітілген. Палатадан адамдар келіп, оның салмағын, жағдайын бақылап көрген. Шыны керек, тәжірибелі Қойшыбаевтар отбасы да бұл малдың күтімі ерекше екенін айтады.

- Бұл малдарды 300 мың теңге көлемінде сатып алған едік. Қарапайым сиырың жоғалса «жарайды» деп қоя саласың. Ал бұл малдың орны ерекше. Туылған сәтінен өскеніне дейін балаша күтіп есің кетеді. Үкіметтен субсидия алып, оны бүгінде қайтарып болдық. Қазір жанұямыздан тыс көмекші малшымыз, егін суаратын жұмысшымыз бар. Ал тракторшы да, құжаттама жұмыстарымен айналысатын да өз арамыздан шығуда. Былтыр жаңа трактор, шөп шабатын, тиейтін техникалардың барлығын жаңарта алдық.

21 жылдық тарихы бар шаруа қожалығының өркендеп келе жатқанын ел де өз көзімен көріп келеді. «Отан отбасынан басталады» деген нақылдың шынайылылығына да бұл адуынды мысал екені айғақ. Айта кету керек, жуықта Қамшыбаевтар жанұясы «Мерейлі отбасы» шарасына қатысып, зор марапатқа ие болды. 

Следующая →