Каспий теңізінің түбіне оптикалық байланыс каналы салынуы мүмкін
Қазақстан үкіметі Қытай мен Еуропаны тікелей байланыстыратын оптикалық арна құрылысын Капий теңізінің түбінде жүргізу мәселесін талқылап жатыр
Жобаның жүзеге асу не аспауы Каспий теңізінің түпкі кеңістігінің құрылысқа қаншалықты жайлы екендігі анықталған соң белгілі болады. Мұны ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев айтып отыр.
Абаев Қытай мен Еуропаны Ресей Федерация арқылы байланыстыратын «Еуропа-Азия» телекоммуникациялық магистральдың салынғандығын айтады.
Министр батыс өңірінде ақпараттық желі салу арқылы шалғай аудандарды коммуникациялық байланыспен қамтамасыз етеміз деп отыр.
- Жоба 1872 елді мекенді қамтиды. Мұнда 2,1 млн адам тұрып жатыр, - дейді министр.
Министрлік барлық елді мекендерді жылдамдығы жоғары ғаламтор желісімен қамтамасыз етуге бар күшін салып жатыр. Мұндай байланысты спутник арқылы байланысса, жаңа оптикалық арна желісі спутник жеткізе алмаған сигналды жеткізуге қауқарлы.