Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүкіл қызметкер жұмыстан қуыла жаздады

Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары қызметтен қуылып, қалған қызметкерлері сөгіс алды

АШМ Су ресурстары комитетiнің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясындағы біліксіздік пен былықшылық жайлы бұған дейін де баяндаған болатынбыз. Газетіміздің 38-ші санында «Араздық туғызған басшы қызметтен кете ме?» атты мақалада істің неден басталғанын түсіндірдік. Инспекцияның басшысы Рысбек Сүлейменовті алаяқ деп айыптап, облыстық прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне барып бірнеше рет арыз жазған Мұқанова есімді қызметке жаңа ғана қабылданған азаматша басшының ғана емес, өзінің де түбіне жетіп тынды. Сүлейменовтің ісі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, шенеунікті қызметтен босату туралы шешім шығарылған болатын. Өз кезегінде, Сүлейменов те есе жібермеді. Мұқанованың үстінен арыз жазып, оны тағайындалған қызметіне сай емес деп айыптады. Ақыр аяғы қыркүйек айында бас инспектор да, оның орынбасары Мұқанова да қызметтен босады.

Сүлейменов пен Мұқанова арасындағы жанжал ұжымға іріткі салып қана қоймай, қарапайым қызметкерлердің жұмыстан босатылуына да себепкер бола жаздады. Өйткені Мұқанованы биыл ғана қызметке қабылдаған комиссияның құрамындағы бес адам инспекцияның қызметкерлері болған. Инспекцияға дереу арада жаңа қызметкер керектігін ескерген комиссия мүшелері қызмет кітапшасында көрсетілген еңбек өтіліне шүбә келтірсе де, Мұқанованы басшылық лауазымға тағайындау жөнінде шешім қабылдап жіберген.

Бұл комиссия мүшелері 30 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне шақыртылып, оқиғаның мән-жайын түсіндіруге тырысты. Комиссияның төрағасы Иманжанов Мұқанованың басшы қызметіне лайық емес екендігін түсіне тұра, Сүлейменовтің қызметкерді тез арада жұмысқа қабылдау керектігі (өйткені шұғыл түрде министрлікке есеп тапсыру қажет болған) жайлы айтқан өтінішін жерде қалдырмай, оны жұмысқа алу жөнінде шешім шығарған. Ал инспекцияның қызметкерлерді басқару жөніндегі бас маманы Жанар Бурханованың айтуынша, Мұқанованың еңбек кітапшасында «ШҚО Әділет басқармасының сот отырысы жөніндегі хатшысы» қызметін 4 жыл бойы атқарғаны жазылған. Алайда хатшылық қызмет пен басшылық қызметтің арасы жер мен көктей екені белгілі.

- Мұндай қызмет түрі менің де көңіліме күдік ұялатты. Бірақ басқармаға хабарласқаныммен, ол жақтан мұндай қызмет түрінің бар не жоғы жайында мардымды жауап ала алмадым. Ал Мемлекеттік қызмет істері департаментіне ресми хат жазуға уақыт жетпеді, - деп ақталды Жанар Бурханова.

Ал комиссияның қалған мүшелері мемлекеттік басқару ісінен ешқандай хабары жоқ екендігін, тек техника саласының мамандары мен инженерлері ғана екендігін алға тартты. Комиссияның қалған үш мүшесі Мұқанованың үміткер болып отырған мансапқа мүлдем сай емес екендігін білмеген.

Сонымен, барлық тарапты тыңдап шыққан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Иманжанов пен Бурхановаға атқарып отырған қызметіне жартылай сай емес деп шешім шығарса, қалған үш қызметкерге сөгіс жариялады.

Бір қызығы, тоғыз ай бойы бөлім басшысы болған Мұқанованың өзі де бұл лауазымға сай емес екендігін білген. Әрі мемлекеттік қызмет істері департаменті басшылығына өзінің кінәлі екендігін де мойындаған.  

Следующая →