Бүкіл қызметкер жұмыстан қуыла жаздады
Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасары қызметтен қуылып, қалған қызметкерлері сөгіс алды АШМ Су ресурстары комитетiнің Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясындағы біліксіздік пен былықшылық жайлы бұған дейін де баяндаған болатынбыз. Газетіміздің 38-ші санында «Араздық туғызған басшы қызметтен кете ме?» атты мақалада істің неден басталғанын түсіндірдік. Инспекцияның басшысы Рысбек Сүлейменовті алаяқ деп айыптап, облыстық прокуратура...