Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қызметтік көлікті заңсыз пайдаланған

Биыл тоғыз айдың ішінде мемлекеттік мекеме көлігін заңсыз пайдаланған 16 жүргізуші ұсталған. Ал былтыр 5 жүргізуші ғана мекеме көлігін жұмыстан тыс, жеке мақсатта пайдаланған. Яғни, мемлекеттік көліктерді жұмыстан тыс рұқсатсыз қолдану үш есеге артқан

Әсіресе, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен табиғи ресурстарды пайдалану басқармасының көліктері жиі заң бұзатын көрінеді.

- Жүргізушілердің көбінде баратын жері мен уақыты дәл көрсетілген жол парағы мен өзге де бухгалтерлік бұйрық құжаттары болмай шыққан. Қызметтік көлік басқарма, бөлім басшыларына бекітіледі. Сондықтан көлікке мемлекеттік қызметкерлердің өздері жауапты, жеке мақсатта қолданатын да басшылардың өздері. Сондықтан жазаға тек жүргізушіні ғана емес, шенеуніктердің өздерін де тарту қажет, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Асхат Карманов.

Мәселен, денсаулық сақтау басқармасының орынбасарына тиесілі көлік 19 қазан күні түнгі сағат он шамасында жұмыстан тыс «шаруалармен» жүрген жерінен ұсталған. Ал Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Дәурен Қадыров жұмыс көлігімен баласын балабақшаға апарып қайтқан. Бұл басшыға қатысты ешқандай шара қолданылмады. Өйткені тұрғындардан департаментке келіп түскен бейнетаспа осыдан бір жыл бұрын түсірілген. Құрылыс басшысы өз кінәсін мойындағанымен, заң бойынша уақыты өтіп кеткен оқиғаға қатысты іс қозғалмайды.

Ал Өскемен қалалық кәсіпкерлер бөліміне бекітілген көліктің қалада түнгі сағат үште «сандалып» жүргені полицейлерге күдік тудырған. Тоқтатып қараса, жүргізуші мас болып шыққан. Кейін жүргізуші жұмыстан қуылған көрінеді.

- Бөлім басшысы көлікті ары қарай қолданудан бас тартып, өзге мекеменің пайдалануына берді. Соған қарағанда, тұрғындардың теріс көзқарасынан қашса керек, - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев.

Ал Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манапов қызметтік көлікті демалыс күні пайдаланған. Еуропалық қайта құру банкінің қызметкері мен жанұясын алып қаладан 35 шақырым қашықтықта жатқан «Нұртау» курортына апарып, қонақ қылып күткен көрінеді. Мемлекеттік көліктің санаторий алдына қиясынан келіп паңдана тоқтағанына наразы болған жұрт оны суретке түсіріп департаментке жолдаған. Дегенмен, әкім орынбасары банк қызметкерін туристік аймақпен таныстыруға апарғанын айтады. Ал көлікке ресми түрде қағаз толтыруға уақыты болмаған. Басшы қағаз рәсімдеуге бейжай қарағанына өзін де кінәлап отыр, айыбын да жасырмайды. Тұрғындарға қымбат көлікпен «қыр» көрсетіп, ашуын тудырғаны үшін орынбасарға қатаң сөгіс берілді.

Айта кету керек, қазан айынан бастап мемлекеттік көліктердің барлығына арнайы жапсырма жабыстырылуда. Жабыстырма жақтауына департаменттің телефон нөмірі жазылған. Егер көлікті күдікті жағдайда байқаған тұрғындар болса, оны суретке не бейнетаспаға түсіріп сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке жолдай алады. 

Следующая →