Банктерге Қазақстан азаматтарының жеке мәлімет базасына енуге рұқсат берілмек
ҚР Ақпарат министрі Д.Абаев Қазақстан азаматтарына электронды анықтамаларды әкелу талап етілмейтіндігін айтады
- Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Анықтамасыз қызмет ету» атты жобаны жүзеге асырамыз. Ол бойынша азаматтарға электронды анықтамаларды әкелуді талап ету тоқтатылмақ, - деді Д.Абаев парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде.
Министрдің айтуынша, 2016 жылы Қазақстанда 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 23 миллионнан астамы электронды анықтамаларды алу бойынша қызмет көрсетілген.
- Электронды анықтамаларды 5 типі сұранысқа ие: мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлік жоқ жөніндегі анықтама, тіркелгендігі жөніндегі анықтама, зейнетақы аударымдары жөніндегі анықтама және сотталған не сотталмағанын дәлелдейтін анықтама. Соған байланысты электронды үкімет порталы биылғы жылдың соңына дейін аталған анықтамаларды банк, ұйым сынды мекемелердің сұранысына сай беруге деген арнайы механизм іске қосылады, - дейді Д.Абаев.
Ал азаматтың ұялы телефонына электронды анықтаманы алуға рұқсат ету жөнінде смс-хабарлама келеді.