Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ылғал төмен болды

Қазақ жері тек қойнауындағы қою мұнайы мен табиғи шикізатына ғана емес, құнарлылығы бойынша да құтқа бай. Соңғы демін шығармай, құрғап үлгермеген діңгекті құнары мол жерге ексең, екпінде тұрып келесі жылы бұтағын шығарып тұратын жайттар жоқ емес

Қазақ жері тек қойнауындағы қою мұнайы мен табиғи шикізатына ғана емес, құнарлылығы бойынша да құтқа бай. Соңғы демін шығармай, құрғап үлгермеген діңгекті құнары мол жерге ексең, екпінде тұрып келесі жылы бұтағын шығарып тұратын жайттар жоқ емес. 

Шығыс Қазақстан облысы «еге білсең, егін тасқа да бітеді» дейтін жер емес. Өңірімізде 1316,4 мың гектар егіс алқабы бар. Оның басым бөлігі Бородулиха ауданында - 303,7 мың гектар. Ал Глубокое ауданында – 99,34 мың, Зырян ауданында - 69,54 мың, Көкпекті ауданында – 146,71 мың, Ұлан ауданында – 120, 36 мың гектар, Үржар ауданында – 188,38 мың, Шемонаиха ауданында – 133,42 мың гектар егістік алқаптары бар. 

- Биыл өңірде дәнді дақылдардан бидай – 354,98 мың гектар, арпа – 121,68 мың, сұлы – 19,13 мың, қарақұмық – 47,98 мың, тары – 2,17 мың, жүгері – 2,87 мың гектар алқапқа егілген, - дейді Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы  Владимир Гайламазян. - Шығыс Қазақстан облысы дәнді және дәнді бұршақты дақылдар бойынша Қазақстан Республикасында жетінші орынды алады.

Егістікті жинауға тракторлар мен комбайндар толығымен қамтамасыз етілген. Алайда, техникалар сәл болсын өзінің қолданыстық жылынан ескіріп бара жатыр. 

- Шығыс Қазақстан облысында қолда бар тракторлар саны 16184 бірлік, ал комбайндар 3150 бірлікті құрайды, - дейді Владимир Гайламазян. -  Қолданыстағы тракторлар өндіру уақытынан 3 жылға дейін - 5 пайыз, 3 жылдан 10 жылға дейін - 9 пайыз, 10 жылдан асқан – 86 пайыз. Ал комбайндар 3 жылға дейін – 5 пайыз, 3 жылдан 10 жылға дейін – 18 пайыз, 10 жылдан асқандары 77 пайызды құрайды.

Шыны керек, елімізде бірнеше жыл қатарынан егістікті сақтау қоймалары сұрағы кеңінен көтеріліп келді. Тіпті, кейбір облыстарда, сақталар жерін таппай қалған дәнді дақылдың күнқақты болып, я болмаса ысырап болып қалатын жайы жоқ емес. Бұл тұрғыда біз облысымыздағы дәнді дақылдар сақтайтын қамбалардың саны мен күй-жайы туралы біліп көруге тырысқан едік. Күдіктенгеніміз емес, тек ауыл шаруашылық басқармасы дәнді дақылдар қамбалары туралы «Облыста 96 көкөніс және картоп сақтау қоймалары бар. Олардың барлығы жұмыс жағдайында» деген жауап қайырған-ды. Көкөніс болса, болсын делік, дегенмен биылғы жылдың күнқақты ауа райы дәнді дақылдардың діңкесін құртпағанына көз жеткізелік. 

Өсу кезеңінде ылғалдың жетіспеушілігінен дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын өсіру үшін қолайсыз болғанын ауыл шаруашылық басқармасы да,  диқандар да мойындайды. 

- Құрғақшылықтың болғанына қарамастан, егін ұтымды шықты, - дейді Зырян аудандық «ЛАД» ТС басшысы Владимир Тычинский. - Біз күнбағыс, арпа, бидай, рапс дақылдарын өсірумен айналысамыз. Биыл былтырғы жылғы көрсеткіштен, сәл болсын, асыра алдық. Әсіресе, майлы дақылдарды 7-8 жылдан бері сәтті игеріп келеміз. Егер оның бастамасы ұтымды шығатын болса, жалғасы әрқашан жемісті болатынына сенімді қарауға болады. Егер белгілі бір шаруашылық өндірістік тұрғыда ұтылып жатса, оның күтімінде де жетіспеушілік бар деген сөз. Күнбағыс неліктен өңірімізде ұтымды шығады? Себебі майлы дақылдар өте технологиялы мәдениеттің бірі. Сол сияқты бидай да былтырғы көрсеткіштен жоғары, дегенмен құрғақшылыққа дәл келгендіктен, бидай ең көп зардап шекті.

Мамандар, майлы дақылдардың, яғни, күнбағыс, рапс және қытай бұршағының өсуіне өткен қыста топырақтың 1 метр тереңдігіне дейін сіңген ылғалдың үлкен қоры көп септігін тигізгенін айтады. 

Қиыры қарашаның тұсында енді білініп келе жатқан қыс мезгілі де орайымен түсетіндей. «Жаздың бір күні - қыстың бір айлық азығы» дегендей, күзгі күйбең бүгін-ертең біте қоймасы анық. 
Следующая →