Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Пара алғандар айыппұл төлейді

Жемқорлық жасап ұсталғандар сотталмайды. Оларға айыппұл салу арқылы ғана жаза беріледі. Ал айыппұлын төлемегендер бас бостандығынан айырылады

Жемқорлық жасап ұсталғандар сотталмайды. Оларға айыппұл салу арқылы ғана жаза беріледі. Ал айыппұлын төлемегендер бас бостандығынан айырылады.

Алдыңғы жылдан бастап елде құқықбұзушылық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 100-ге тарта қылмыстық бап әкімшілік айыппұлға ауыстырылған. Мұның арасында пара алған, қазына қаржысын жымқырған күдіктілердің де ісі айыппұл салумен ғана шектелмек. Ал қазынаға өлшеусіз шығын әкелгендер сотталып, мүлкі тәркіленіп, үлкен көлемде айыппұл салынады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, былтыр пара алған 75 шенеунік ұсталған. Ал оның 37-сіне тек айыппұл ғана салынған. Қалғандары бас бостандығынан айырылған.

Алайда айыппұл көлемі үлкен. Сондықтан оны төлегендер де, төлей алмағандар да бар.

Ал төлей алмағандар сотқа қайта тартылып, қайта жаза қолданылған. Енді оған бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу жазасы беріледі. Мәселен, былтыр Шемонаихада пара алғаны үшін ұсталған азамат Баяндиновқа 3 млн 400 мың теңге айыппұл салынған. Алайда шенеунік оны бір айдың ішінде төлеп үлгермеген. Мемлекеттік қызметкердің ісі сотта тағы да қаралып, бір жыл, тоғыз айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

- Азамат соттың шешімін ескермеді деп айта алмаймыз. Тек айыппұлды өтеуге мүмкіндігі болмаған көрінеді, - дейді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Шақпантаев.

Ал осы жылы Шемонаихада пара беріп ұсталған Ш. есімді азамат та 4,2 млн теңге айыппұлын төлей алмай, бір жыл үш айға сотталған.

Дегенмен, айыппұлды төлемегенге қарағанда төлегендер көп көрінеді. Өйткені былтырғы жылдың өзінде облыста төленген әкімшілік айыппұл көлемінің 95 пайызын дәл осы жемқорлықпен айыпталған жазалылар өтеген екен.

- 2017 жылы жемқорлық дерегі бойынша айыпты деп танылған азаматтар мемлекеттік бюджетке барлығы 127 млн 610 мың теңге өтемақы төлеген. Бұл барлық әкімшілік айыппұлдан түскен қаржының 95 пайызын құрайды, - деп толықтырды Қайрат Мұратұлы.

Былтыр 4 млрд теңге көлемінде қазына қаржысын жымқырды деп айыпталып, он жылға сотталған Өскемен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Виктор Май мен қазына қаражатын мемлекеттік сатып алу байқауын өткізбей-ақ, өзінің мердігер компаниясына бөліп отырған құрылыс жұмысымен айналысатын «Еңбек-Семей», «Еңбек-Өскемен» филиалының директорларының ісі ел есінде қалды. Ал Виктор Майға шығарылған шешім әлі күшіне енген жоқ. Экс-басшы соттың шешімін мойындамай, апелляциялық шағым түсірген болатын. Ол әлі қаралып жатыр. 

Следующая →