Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үлкен Нарындағы орта мектеп енді қазақ тілінде де оқытады

Катонқарағай ауданы бойынша 36 мектеп бар, соның ішінде 21 мектеп қазақ тілінде білім береді

Жаңа оқу жылының алғашқы күні Катонқарағай ауданында іргетасы 1969 жылы қаланып, 1970 жылдан бері орыс тілінде білім беріп келген Үлкен Нарын орта мектебінде алғаш рет қазақ сыныбы ашылды. 

Үлкен Нарын ауылында Білім күні мерекесінде есігін айқара ашқан жаңа қазақ сыныбына биыл 13, даярлық тобына 9 бала қабылданған. Жалпы, Катонқарағай ауданында қазақ мектептерінің аздығы жиі айтылып жүрген мәселе. Бірақ Катонқарағай ауданында мемлекеттік тілде білім беретін мекемелер саны жыл өткен сайын еселеніп келеді.
- Үлкен Нарын ауылындағы орта мектепте алғаш рет қазақ тілінде 1-сынып ашылып жатыр. 1 қыркүйек, әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі - 1-сыныпқа "Әліппенің" оралуы. Жаңа сыныптың іші қазіргі заманға сай жабдықталып, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалған, - дейді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.
Катонқарағай ауданының білім беру бөлімінің басшысы Галия Кошенованың айтуынша, мемлекеттік тілді дамыту аясында орыс мектептерінде біртіндеп қазақ сыныптары ашылып, аралас мектепке айналып келеді. 
- Бүгінгі таңда ауданда 3108 оқушы жаңа оқу жылын бастады. Соның ішінде 301 балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Ауданымызда 36 мектеп бар. Оның ішінде - 2 орысша, 13 аралас, 21 қазақ тілде оқытатын мектептер. Қазіргі уақытта ауданымыздың білім беру ұйымдарында барлығы 885 мұғалім жұмыс істейді. Ағымдағы жылы ұстаздар ұжымы 28 жас маманмен толықты. 4 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары бар: 2 музыка мектебі (Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарында), Үлкен Нарында орналасқан 1 шығармашылық үйі, Катонқарағай ауылындағы 1 жас туристер бекеті. Мектепке дейінгі ұйымдар да бар. Балабақшалар саны 9, оның ішінде жетеуі қазақаша, екеуі аралас балабақша. Балабақшаларда орын жеткілікті, кезекте тұрған балалар жоқ. Балалар 100% мектепке дейінгі білім берумен   қамтылған. Білім ошақтарында санитарлық талаптар қатаң сақталған. Балалар сабақта маска киіп отырады. Кабинет ауыстырмай, бір кабинетте оқиды. Қауіпсіздікке де баса назар аударып отырмыз, - деді Ғалия Победқызы.
Қазақ сыныбының ашылуы - Үлкен Нарын тұрғындары үшін үлкен қаныш. Мұның лебі ата-аналардың жылы лебізінен байқалады.
- Биыл менің ұлым Диас Ернар бірінші сынып табалдырғын аттап отыр. Қазақ сыныбының ашылуы барлығымыз үшін де үлкен оқиға. Біраздан бері балалардың болашағына алаңдаулы едік. Бұл көптен бері шешілмей келе жатқан күрмеулі мәселенің түйіні тарқатылған күн. Қазақ сыныбы балаларымызды ана тілін, туған өлке тарихын, халқымыздың салт- дәстүрлерін білетін, қастерлеп, дәріптейтін білімді әрі патриот азамат етіп тәрбиелеп шығарады деген сенімдемін. Өйткені өткенді білетін және оны мақтан тұтатын адамдар ғана кемел болашақты құра алады, - деді ауыл тұрғыны Айгүл Шәкіртова.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы - білім екенін айтып келеді. Қазіргі басты міндет - өскелең ұрпақтың халықаралық стандарттарға сай келетін сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жағдай мен мүмкіндік жасау. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ойлау өрісі дамыған, сонымен қатар жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан интеллектуалды ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Следующая →