Глубокое аудандында қуыршақтар театрын 7-10 жасар балалар жүргізеді
Қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін театрдың бір түрі - қуаршақтар театры. Өнердің бұл түрінде актерлер сахнаға шықпайды. Бірақ олардың дарындары мен таланттарын қуыршақтарды сөйлетуіне, ойнатуына қарай байқауға болады
Глубокое ауданындағы Абай атындағы мәдениет үйінде қуыршақтар үйірмесі бар. Оның ашылу себебі де көпшілік үшін қызық болар.
Следующая →
- Жаз маусымында біз балаларға арнап мультфилімдердің көрсетілімін ұйымдастырдық. Сол кезде бір бала тынымсыз болып көрінді. "Мульт-фильм көру саған қызықсыз болса, сен немен айналысқың келеді?" деп сұрадым. Өзі ешнәрсеге қызықпайтындай көрінді. Содан оны театр үйірмесіне қатысуға шақырдым. Алайда ол ұялатынын айтты. Сол кезде маған "ол ұялмайтындай не істесем болады" деген ой келді. Нәтижесінде біз қуыршақтар театры үйірмесін аштық, - дейді Абай атындағы мәдениет үйінің директоры Светлана Яцуненко.Осылайша тентек балаларды тәрбиелеу мақсатында туындаған идея негізінде балаларға арналған қуыршақтар үйірмесі құрылды. Оларға қажетті сахна қолдан жасалса, кейіпкерлерін арнайы түрде сатып алған. Бір қызығы, бұл қуыршақтар театрына тек ұл балалар қатысады.