Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде жол жөндеу жұмыстары тәулік бойы тоқтамайды

Семей қаласындағы Березовский кентінің тұрғындары тамыз айында қала әкімімен кездесу кезінде кенттегі жолдың жағдайына назар аударуды сұраған болатын

Кентке баратын негізгі жолда жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген екен. Әрине, бұл өз кезегінде жол сапасының нашарлауына әкеліп, тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар тудырған болатын.
- Кент проблемаларын кезең-кезеңмен шешу мақсатында Белібаев көшесінен Фабричный көшесіне дейін ұзындығы 4,4 км жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер ұйым тәулік бойы жұмыс жүргізеді, жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін. Бұдан кейін, 20-30 қыркүйек аралығында Туристический көшесін жөндеуден өткіземіз, - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов. - Келесі жылы кентте көшелерді жарықтандыру және мектепке апаратын жолдарды қалпына келтіру жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, сол жағалаудағы Молдағалиев көшесінің жөндеу жұмыстары түнгі ауысыммен жүргізілуде.

Қала басшысы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылатындығын да атап өтті.
Следующая →