Усть-Каменогорск
пасмурно
+13°
  • Усть-Каменогорск
    +13°
  • Алматы
    +21°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +25°
  • Форт-Шевченко
    +30°
  • Атырау
    +31°
  • Караганда
    +12°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +25°
  • Шымкент
    +27°
$
475.94
-0.26
483.98
-0.74
¥
70.09
-0.16
7.94
+0.08
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үлгілімалшылықтар Көкпектіге жету үшін бұрын 1 сағат жүретін

Ұзақ жылдар бойы "Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы" автомобиль жолымен қатынаған жерлестеріміз жол азабын тартып келген болатын

Жөндеу жұмыстарын қажет еткен аталмыш бағыттың ой-шұңқыры көбейіп, автокөлікпен қарыс қадам аттап басу мұң болғаны өтірік емес. Биыл республикалық және аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, "Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы" автомобиль жолының 14 шақырым жерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы сметалық құны 392 911,984 мың теңге. Жұмысты атқарып жатқан мердігер фирма - "Көкпекті жолдары" ЖШС.

Былтырдан бері жол жөндеу мәселесінің азабын көріп келген тұрғындардың қуаныштарында шек жоқ.
- Бұрын жол жаман, мүлде жөндеу көрмеген болатын. Биылдан бастап азаматтар кірісіп, жол жөндеу жұмыстары қолға алынды. Күнделікті Үлгілімалшыдан Көкпектіге үш рет барып-қайтамыз. Бұрын екі араға 1 сағат жүрсек, қазір 15-20 минутта жетіп барамыз. Қазір халыққа жақсы болды. Жұмысқа кешікпей барамыз, - дейді Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылының тұрғыны Шахан Турсынханов.
Осы орайда айта кетейік, былтыр Тассай ауылына кіреберіс автомобиль жолының 9 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Биыл да республикалық және аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, Тассай ауы-лына кіреберіс автомобиль жолының қалған 9 шақырымы жөнделуде. Жобаның сметалық құны 250 224,177 мың теңге. Мердігер фирма - "ОблШығысЖол" ЖШС.

Жол тұрғындар үшін күретамыр іспеттес. Жол жөнделсе, ауылдар мен аудандар арасында байланыс нығайып, сауда-саттық артады. Демек жол жөнделсе, экономика да алға басады. 
Следующая →