Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Малды сақтандыру шаруаларды шығыннан сақтай ма?

Қазақ даласына жұт келіп, қаншама мал басы қырылып, сол малды бағып нәпақасын тауып отырған халық шығынға ұшырады

Газетіміздің өткен санында Маңғыстау, Қостанай өңірлерінде соңғы екі жылда орын алған қуаңшылықтан қаншама мал басы қырылғандығы туралы мәселені көтердік. Көктемгі сандарда Зай-сан ауданындағы Шілікті ауылында белгісіз дерттен ірі қара, ұсақ малдар қырылғаны туралы жаздық. 

Қазіргі уақытта қуаңшылықтан болған кеселді тоқтату үшін ауыл шаруашылығы министрлігі де, еріктілер де "жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген идеяны алға тартып, әр азаматты қолдау көрсетуге, қол үшін созуға шақыруда. 

Ауа райының қолайсыздығы мен оның салдары оңай болмай тұр. Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ерекше ыстық ауа райы құрғақшылыққа әкеп соқты. Жауын-шашынның аздығынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті.
- Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді, - деп хабарлады Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Осындай тосыннан тығырыққа тірейтін жағдайлар кезінде мал басының шығынын өтеп алуыға малдарды сақтандыру бағдарламасы кепілдік бере алады.

Малды сақтандыруға болады



Ел арасында сақтандырудың бірнеше түрі танымал. Соның бірі автокөліктерді сақтандыру және қазіргі уақытта барлығы үшін үйреншікті түсінікке айналған медициналық сақтандыру. Бірақ бүгінде мал басын сақтандыруға болатыны жайлы екінің бірі біле бермейді. Мал басын сақтандырудағы тағы бір артықшылық - сақтандырудың 50%-ын сізге мемлекет субсидия арқылы төлеп береді. 
- Сақтандырудың шарты бойынша кемінде 30 бастан асқан ірі қараны сақтандыруға болады. Бізде көбінде асыл тұқымды мал басын көбейту үшін несиелендіру жүреді де, сол малдар бірден сақтандырылды. Дегенмен кез келген ірі қара мал басын сақтандыру үшін шаруашылық иесі бізге жүгіне алады, - деп түсіндірді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Арман Рауылбеков.
Фермерлер малын өз шаруашылығының аумағында және 5 км радиустағы көрші шаруашылықтардың аумағындағы аурулар мен басқа да қауіп-қатерлерден сақтандыра алады. Мысалы, инфекциялық және аса қауіпті аурулардан, өрттен, үшінші тұлғалардың зиянды әрекеттерінен, қауіпті табиғи құбылыстардан, сондай-ақ жазатайым оқиғалар - жарылыс-тан, найзағай түскен жағдайда, тұншығып өлсе, жыртқыш аңдардың шабуылынан, жылан немесе жәндіктердің шағуынан, түрлі себептермен жарақаттанса және тағы басқа да қауіп-қатерлерден де сақтандыруға болады.
- Жыл басынан бері біз 234 млн теңге сомасына 10 жобаны несиелендірдік. Оның ішінде 338 ірі қара мал басы 3 603 600 теңгеге сақтандырылды, - деп түсіндірді Арман Ақылбекұлы. - Егер ертең қандай да бір себептермен малыңыз қырылатын болса, онда сақтандырудың шарты бойынша мал иесіне сақтандыру компаниясы өзі ұшыраған шығынның 98%-ын қайтарып береді, себебі сақтандыру франшизасы (төлемі) - 1,54%. Бұл жерде аталған сақтандыру тарифтік сомасының  50%-ын сізге мемлекет субсидия арқылы төлеп беретінін естен шығармаған жөн.

 Сонымен қатар,  шығынның 98%-ының қайтарлуына біздің де мүддеміз бар. Өйткені ол үкіметтің ақшасы және ол орнына келтірілуі қажет.

Сақтандырудың тағы бір ерекшелігі - тек қазақстандық мал сақтандырылады. Сонымен қатар, сақтандыру кезінде сатылып алынған малдың елді мекені мен ол тұрақталатын өңірдің түрлі аурулар мен дерттерден таза болуы маңызды. Мұны ветеринария қызметінен арнайы құжаттармен растау қажет болады. 
- Егер мал басы жазатайым оқиғалардан, яғни жарылыс, найзағай, электр тогының әсері, жеке немесе жылу соққысы, гипотермия, тұншығу (асфиксия), жануарлардың шабуылы, улы шөптермен немесе заттармен улану, жылан немесе жәндіктердің шағуы, сондай-ақ жануар суға батып кеткен кезде, шатқалдан құлап немесе өміріне қауіпті жарақат алған кезде, инфециялық, инвазивті, жұқпалы емес аурулардан қырылса, мәжбүрлі түрде сойылса, сақтандыру мекемесі шығындарды орнына толтыруға өз кепілдігін береді. Бұл тізімге табиғи апаттар, өрт, үшінші тұлғалардың жасаған қастандықтары да жатады, - деп қосты Арман Рауылбеков.


Мемлекеттік кепілдік деген не?



Кәсіп жүргізу үшін несие алу кезінде екі түрлі жолмен мемлекеттік кепілдемеге ие болуға болады. Біріншісі, екінші деңгейдегі банктер беретін несиелерге кепілдік беру. 

Шаруа қожалық иелері немесе кәсіпкерлер екінші деңгейлі банк-терден несие алу кезінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" қолдау ала алады. Егер сіз кәсіпті енді бас-тап жатқан тұлға болсаңыз, қор банктен алатын несие сомасының 85%-ына, көпбалалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы мүшесі болсаңыз 95%-ына, ал кәсібін бұрыннан дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге 50%-ына 
кепілдік бере алады. 
- Кепілдендіру несиенің сомасынан 50%-ға дейін, бірақ сомасы 1,5 миллиард теңгеден артық болмауы керек. Жобаны пайдалануға бергенге дейін басым бағыттар бойынша 85%-ға дейін, бірақ 2,550 млрд теңгеден аспауы тиіс, - деді Шығыс Қазақстан облысының "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" директоры.
Мұндағы басымдылық сүт-тауар фермаларына, етті құс шаруашылығына, қарқынды бақ шаруашылығы, жылыжайларға, қант қызылшасын өсіру және қант қызылшасын өндіру, жарма өндірісі, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу, өсімдік майын және май шығаратын өнімдерін өндіру салаларына беріледі. 
- Екіншісі, "Еңбек" бағдарламасының аясында кепілдендіру. Қазіргі уақытта ауыл және қаладағы кәсіпкерлердін ең өзекті мәселесі  бұл - қолжетімді несие алу үшін кепілдік жетіспеушілігі. Мысалы, ауыл турғыны жаңа кәсіп ашамын деп, бизнес-жоспар дайындайды. Ол бизнес-жоспарға сәйкес 4 млн теңгеге 10 бас жылқы және жем-шөп сатып алу көзделген. Егер несие сомасы көзделген 4 млн теңгеден аз болған жағдайда жаңадан бастаған ауылшаруашылық бизнеске қатерлі болуы мүмкін, яғни бұл жағдай несие алушыны төлемсіздікке апарады. Ал толық несие сомасын беру үшін барлық қаржы мекемелері (банк, микроқаржылық ұйымдар, креддиттік серіктестер) нарықтық бағасы 8 млн теңгеден кем емес сапалы кепілдік түрлерін талап етеді. Бұл жерде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының" шаруаға және кәсіпкерге 85%-ға дейін берілетін кепілдігі өте керек қаржылық көмек деп есептеймін, - дейді Арман Ақылбекұлы. - Себебі 4 млн теңге алу үшін  шаруа немесе кәсіпкер бар болғаны 600 мың теңгеге бағаланған мүлікті кепілдікке қойып, қалған 3-4 млн теңгеге "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы кепілдік беру механизмі қарастырылған. 


Кәсіп ашу үшін де несие береді


Енді ауыл тұрғындарынан бөлек, Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының тұрғындары  бизнестерін дамытуға несие ала алады. 
- 2019 жылдан бері ауыл тұрғыны да, қала тұрғыны да біздің қор арқылы кәсібін дамытуға несие ала алады. Оның үстіне біз тек ауыл шаруашылығын дамытуға ғана емес, сауда-саттық бағытына, қызмет көрсету және басқа да бағыттарға несие бере береміз. Мұның барлығы облыс басшысының қолдауымен жүзеге асырыла бастады, - деп қосты Арман Ақылбекұлы.
Облысынық "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" несиені тек ауылшаруашылығы салаларын дамытуға ғана емес, кез келген кәсіпті ашуға, дамытуға да береді. Мұндағы пайыздық мөлшерлеме небары 6%, мерзімі 7 жылға дейін, несиені 2 жыл уақыт өткен соң ғана өтей бастауға болады. 

- Биыл "Еңбек" бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге 1 974 700 000 теңге бөлінді. 1 133 400 000 теңге сомасына 283 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 841 300 000 теңге қалдық қаражат тұр. Қалалықтар үшін 1 311 740 000 теңге сомасында қаражат бөлінді. Оның ішінде 643 752 000 теңгеге 65 өтінім берілді. Қор қаражатынан мал шаруашылығын дамытуға 1 600 000 000 теңге бөлінді. 1 023 218 000 теңгеге 69 өтінім қабыладық, қаражат қалдығы 576 782 000 тг құрап отыр, - деп қортындылады Арман Рауылбеков.

Следующая →