Усть-Каменогорск
облачно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +21°
  • Актобе
    +29°
  • Форт-Шевченко
    +30°
  • Атырау
    +33°
  • Караганда
    +21°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +24°
  • Кызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Уральск
    +24°
  • Шымкент
    +30°
$
476.01
490.15
¥
70.64
7.81
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатай ауданында мал бордақылау алаңы салынуда

Тарбағатай ауданында 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатқанын аудан әкімі Асхат Смаилов мәлім етті

Шекара шебінде орналасқан аудан тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі - мал шаруашылығы. Осыған орай, ауданда мал басын өсіру, мал тұқымын асылдандыру, селекциялық жұмыстарды жетілдіру, мал бордақылау алаңдарын ашу, мал өнімдерін қайта өңдеу, егістік көлемін ұлғайту, жаңа технологиялар енгізу бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.
- Мал шаруашылығы бойынша алынған барлық субсидия көлемі 983,2 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,0 пайызға өсті. Бұл субсидия асыл тұқымды бұқа сатып алғаны үшін және тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы және асыл тұқымды аналық бастарға, сондай-ақ сатып алынған асыл тұқымды қой және жылқы малдарына берілді, - дейді аудан әкімі Асхат Смаилов.
Оның айтуынша, биыл ауданда ИАС бағдарламасына 930 шаруа қожалығы тіркеліпті.
- Ауданда "Асыл-Агро - 7" Аграрлық-өнеркәсіп кешені 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосу бойынша жұмыстар атқаруда. 2021 жылы ИАС бағдарламасына 930 шаруа қожалығы тіркеліп, 59 277 бас аналық ірі қара малдарына 2 318 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасын қосып, тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізді, - дейді Асхат Сайдахметұлы.
Айта кетейік, жыл басынан бері асыл тұқымды мал басын өсіретін 45 шаруашылық тіркелген.
Следующая →