Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ақсуат пен Шеңгелдіде жаңа мектеп бой көтермек

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 300 орындық мектеп-лицей салынады. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 12,5 млн теңге бөлініп ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрлыс жұмыстары 2023 жылы басталады деп жоспарлануда

Бұл туралы аудан әкімі Асхат Смаилов мәлім етті. Жаңа мектептің құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады деп жоспарлануда.
- Сонымен қатар, Шеңгелді ауылында да 80 орындық мектеп салуға салалық қортынды алынып, экономикалық қортынды алуға жолданды, - дейді Асхат Смаилов.
Оның айтуынша, биыл ауданда 3 мектеп, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу, олардың материалдық-технкиалық базаларын жақсарту мәселелері шешілуде. Жергілікті, облыстық және республикалық бюджеттерден қажетті жағдайларды жасау мақсатында қаражаттар бөлінуде. Атап айтсақ, 2021 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында 3 мектеп, 1 балабақшаны күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 692,2 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде, - дейді Асхат Сайдахметұлы.
Айта кетейік, ауданға қарасты мектептерде оқушылардың білім алуы үшін барынша жағдай жасалған.
- Ауданда жалпы білім беретін 35 орта, 4 негізгі орта, 9 бастауыш мектептерінде 8 792 оқушы білім алуда. Бұның сыртында қосымша білім беру ұйымдары: 2 саз мектебі, 2 өнер мектебі, 1 қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту бойынша 28 балабақша мен 39 шағын орталық жұмыс істейді. 3-6 жастағы тіркелген 2 571 бала оқу орнымен 100 пайыз қамтылды, - дейді аудан әкімі.

Следующая →