Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі ескі көпірді жөндегенше, жаңасын салған артық емес пе?

Семейде 1964 жылдан бері Ертістің екі жағасын жалғап тұрған көпірдің бір шеті сынып, жергілікті әкімдік халықтың қауіпсізігі үшін көпірді жауып тастады

Көпірдің апаттық жағдайда тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі талқылаудан ары асқан жоқ. Тек жүктемесі 3,5 тоннаға дейін шектетілді. Алайда көліктер ағыны мұнымен азая қойған жоқ. 
- Көпірдің тозығы жеткендігі туралы мәселе бұдан бұрын да көтеріліп, бірнеше рет талқыланған болатын. Біз үшін ең маңыздысы тұрғындардың қауіпсіздігі, сондықтан көпірдегі көлік қозғалысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды, - дейді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.
Алдағы уақытта Алматы қаласынан "Теко Проект" фирмасының өкілдері келіп көпірдің қазіргі жағдайына сараптама жасап, қорытынды жасамақ. Аталған қорытынды нәтижесінде көпірді пайдалану мәселесіне қатысты нақты шешім қабылданады.

Бақытжан Байахметов өз сөзінде "бұл ескі көпірге толықтай жөндеу жұмыстары жасалады" дегенді айтпады. Есесіне, мүдделі мемлекеттік мекемелермен қалада жаңа төрт жолақты көпір салуға жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын атап өтті. 
- Жаңа көпір құрылысының жобасы облыс басшылығы тарапынан қолдау тапты. Мемлекеттік сараптама қорытындысын алғаннан кейін келер жылы көпірді салу үшін тиісті шаралар қабылданып, бюджеттік өтініш берілетін болады, - деп қосты Бақытжан Кәкенқажыұлы.
Айта кету керек, орын алған апатты жағдайды жою үшін "Жаңа жол" және "Қазжолпроект" мекемелері өкілдерінің қатысуымен "Зеленстрой" ЖШС жұмылдырылды.

"ТЕКА Проект" фирмасының мамандары келіп, көпірді тексерген. Бұған дейін аталған фирма 2016 жылы көпірдің жағдайын зерттеген екен.Семей қаласының ақпараттық орталығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, тротуар плиталары орнынан қозғалған көлік көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың алдын ала қорытындысы бойынша, автокөлік қозғалысына әсер ететін айтарлықтай ауытқулар жоқ.

Дегенмен, көпірде тағыда бір проблемалық учаске анықталған.
- Қазір біз жақтауды орнату бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз, содан кейін металл төсеніш төселеді. Жаяу жүргіншілер жолындағы ойық жабылады. Бізге "ТЕКА Проект" ЖШС жетекші инженерлері келді. Көпірдің екі жағындағы жаяу жүргіншілер жолына толықтай зерттеу жүргізілді. Қазіргі уақытта бір учаске бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жолдың оң жағындағы жаяу жүргіншілер жолында тағы бір учаске анықталды. Ертең ол жерде осындай жұмыстар жүргізіледі, бірақ ол жерде соншалықты ауытқулар жоқ, плитасы орнынан сәл қисайған. Плиталардың қозғалуы автокөліктердің жол жиегіндегі тастарға соқтығулары салдарынан туындауда. Аталған сұрақтар бойынша негізгі қорытындыны біз  жобалық фирмадан ертең аламыз. Ертең - одан арғы күндері жұмыс істесек, алдағы жұмада немесе сенбіде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы жандандырылады деп ойлаймын. Тұрғындарға қорқудың қажеті жоқ. Жұмыстар жүргізіледі. Бекітуді нығайтып қозғалысты ашамыз, - деп жағдайға түсіндірме берді жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов.

Қозғалыстар бұрынғысынша, еш шектеусіз жүзеге асырылады.

- Біз көпірдің жаяу жүргіншілер жолын тексердік. Элементтерде елеулі ақаулар табылған жоқ. Тек тратуар блоктары. Оларды жаңартып, көпірді одан ары пайдалан беруге болады, - деді "ТЕКА Проект" ЖШС жетекші инженері  Алмас Ауанасов.

Қазіргі уақытта бұрын жасалған жаңа көпірдің жобасы мемлекеттік сараптамада, оны тамыз-қыркүйек айында алу күтілуде.

Содан кейін жаңа көпір құрылысының мәселесі шешіледі.
Следующая →