Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағайда еш мектеп күрделі жөндеуді қажет етпейді

Ағымдағы жылы Бесқарағай ауданындағы білім ордаларын жөндеу жұмыстарына 117 193,6 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді

Аудандық әкімдік таратқан ақпараттарға сүйенсек, 18 мектепте 36 жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

- Ағымдағы жылдың 29 шілдесіне 17 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Бөденелі мектебінің 3-қабатын жөндеу бойынша конкурстық рәсімдер жақында ғана аяқталып, мердігер анықталды, - дейді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рустам Оразалин. - Барлық жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады, арнайы комиссия құрылып, атқарылған жұмыстарды тексеріп, қабылдап алады.
Айта кетейік, ауданда барлығы 21 мектеп бар болса, оның 17-сіне биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, білім бөлімі орналасқан ғимарат та жөндеу көрмек. 

Жалпы Рустам Оразалиннің айтуынша, былтыр Бесқарағай ауданында 3 мектеп қана қашықтықтан білім берсе, қалғандары оқу жылын дәстүрлі түрде аяқтаған. Ауданда мектеп жасындағы 2966 бала болса, 166 түлек жаңа өмірге қанат қақты. 
Следующая →