Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Катонқарағайда Шыңғысқа бәсекелес болар шеберлер аз

Темірден түйін түйетін катонқарағайлық азамат шағын кәсібін бастады

Байырғы заманда қара темірді қамырша илеп, тұрмысқа қажетті бұйымдар, құрал-саймандар, соғыс жабдықтарын жасайтын ұсталар болған. Ұсталық атадан балаға мұра болып, темірді балқыту әдістері құпия сақталған. Алайда бүгін бұл білместің өнері емес, ұста боламын деушіге барлық ақпарат білім ордаларында да, интернет желісінде де бүге-шүгесіне дейін үйретіледі. 


Қолөнер - фото Катонқарағай ауданы әкімдігінен (3).jpg

Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылының тұрғыны Шыңғыс Қойшыбаев бұл өнерді өз еркінмен, қызығушылығы артқаннан үйренді. Қолының ебін келтіріп алған соң, өзінің шағын кәсібін де бастады. 
- Бала кезімнен темірден жасалған бұйымдарға қызығушылығым болды. Ол қалай жасалды, қандай күшті талап етті деп қызығатын едім, - дейді Шыңғыс Төлегенұлы. - Шамамен 6 жыл бұрын темірден алғашқы бұймымды жасадым. Ауылда тұрамыз, мал ұстаймыз. Бірде анам әкеме "сиыр сауғанда аяғым ұйып қалады, маған бір орындық жасап берші" деген еді. Сол сөзді ести сала әкемнен бұрын өзім орындық жасауға кірістім. Темірден үш аяқты орындық жасап, үстіне отыратын ағашын қағып, жасап бердім. Сол процестің өзі маған бір ләззат сыйлағандай болды.
Шыңғыстың ұсталықпен айналыса бастағанына 2 жылдай болған екен. Осы уақыт аралығында ол қолының ебін, істің қисынын келтіруді үйренді. Содан өз кәсібін ашуды қолға алды. 


Қолөнер - фото Катонқарағай ауданы әкімдігінен (1).jpg
- Қазіргі уақытта әйелім бала күтімі бойынша еңбек демалысында, мен жиһаз орналас-тырып берумен айналысып жүрдім. Табысымның аздығы маған атаулы әлеуметтік көмек аясында ісімді бастауға грант алуға мүмкіндік берді. Темірден соғылған бұйымдар өндірісіне 200 АЕК грант алып, өз ісімді бастадым, - деп қосты ұста.
Атаулы әлеуметтік көмек аясында мемлекеттік грантты иелену үшін Шыңғысқа бизнес жоспар әзірлеп, комиссия тексеруінен өту керек болды. Ол қорғаған жоба сәтті өткен, алайда нарықтағы баға күнделікті өзгеріп тұруына байланысты бизнес жоспардағы бағалар мен дүкен сөрелеріндегі баға өзгеше болып шықты. Сатып алған керек-жарақтары да жоспарлағаннан аз. Тіпті үстінен 200 мың теңге ақша қосқанның өзінде, барлық қажетті жабдықтарды ала алмаған екен. 
- Жуықта ғана барып, есебімді тапсырып келдім. Бағадағы өзгерістер кішкене қиындық тудырып тұр. Мәселе менің пайдама шешілсе екен деп отырмын, - деді Шыңғыс Төлегенұлы.
Өз ісін ашқалы бері Шыңғы 4 тапсырыс орындағын. Оның ішінде үлкен, оюлы қашалар, терезенің темір қорғаныштары бар. 

Жалпы Шыңғыс өз жұмыстарын қайталай бергенді ұнатпайды екен. Сол үшін үнемі ізденіс үстінде жүреді. Қазіргі уақытта Ресейдің белгілі ұстасымен танысып, өз жұмыстарын көрсетіп, оның видеоларынан жаңашылдықтарды үйреніп жүр. 

Шыңғыстың темір ұсталығына деген қызығушылығы оның бойына қанымен дарыса керек. Атасы Қойшыбай темірден түрлі бұйымдар жасаған ұста болыпты. Ал әкесі Төлеген ағаштан керек-жарақ жасап, үй тұрғызған, ағашпен жұмыс жасауға әуес шебер екен. 

Катонқарағай ауданында Шыңғысқа бәсекелес болар шеберлер аз көрінеді. Ұсталық ауылдықтар арасында кең таралмаған мамандық. Сондықтан Шыңғыс өз ісінің дамып кететініне сенімді.
Следующая →