Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде Тұрсынғазы Рахимов атындағы ән-күй фестивалі өтті

Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Домбыра күні" аясында әйгілі әнші, сыршыл сазгер, қазақ мәдениетінің қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының лауреаты – Тұрсынғазы Рахимов атындағы ән-күй фестивалі өтті

Шараға арнайы шақыртылған қазақ өнерінің майталмандары әйгілі күйші Секен Тұрсыбеков, жезтаңдай әншілер Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Толғанбай Сембаев, Әділ Тұрғанбаев, Клара Төленбаева және өскемендік Шалқар Рысхановтың жетекшілігіндегі "Байжігіт" атындағы ұлт-аспаптары оркестрі өнер көрсетті. 
- Домбыра – қазықтың жаны, серігі,тағдырласы. Домбыраны қадірлеу дегеніміз ұлтты қадірлеу, ұлтты қадірлеу дегеніміз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын қадірлеу. Сондықтан алыстан ат терлетіп, өнер көрсетіп жатқан өнерпаздарымызға алғысымыз шексіз. Тұрсынғазы Рахимов ағамыздың өнері мәңгілік. Барымызды бағалау үшін, жоғымызды түгендеу үшін осындай рухани шаралар әрқашан да қажет, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

2a35c5ec-fdb1-49c7-9d1e-0325a59f0a89.jpg


Шара барысында ұйымдастырушылар өнер иелеріне Тұрсынғазы Рахимовтың төс белгісін тақты. Мерекеге орай қолөнер бұйымдар көрмесі де ұйымдастырылды. 
- Домбыра жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Домыбара сапалы шығу керек. Бірақ қазір шебер көп, сапа жоқ. Меніңше әр өңірде шеберлерге арналған орталықтың болғаны абзал. Себебі ол жерде шәкірт тәрбиелеп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік мол. Оның үстіне бәсеке болған жерде сапа да болады. Қазір шетелдегі отандастарымыз да ұлттық аспапқа тапсырыс беріп жатыр. Бұл да үлкен қуаныш, - дейді шебер Жолаушы Тұрдығұлов.

Следующая →