Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да жыл басынан бері 18 нәресте көз жұмды

Шыр етіп дүниеге келген шақалақтың өмірдің мәні мен дәмін сезінбей жатып шетінеуі кез келген ата-ана үшін ауыр. Алайда мұндай жағдай жыл сайын орын алып отырады

2021 жылдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 5148 бала дүниеге келген. Ал осы балалардың ішіндегі өлім көрсеткіші 6,9%-ды құрайды.

ЮНИСЕФ-тің ақпараты бойынша 2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім деңгейі екі есеге төмендеді. Бұл көбіне босандыру қызметінің жақсаруы, ерте босану кезінде күтім жасалуы, балалардағы ауыр жұқпалы ауруларды емдеу (пневмония, диарея, жаңа туған нәрестелердегі сепсис сияқты) және тамақтанудың жетіспеушілігінің алдын алу нәтижесінде орын алды. Алайда статистикалық есепте 2018 жылы өлім-жітімнің төмендеу тенденциясы тоқтатылған деп көрсетілген. Зерттеу мәліметтері 
бойынша соңғы 10 жылда қыздарға қарағанда ұлдар (57% ұлдарды) өлімі жиі кездеседі. Сонымен қатар, бұл ауылдық жерлердегі балалар да қала балаларына қарағанда әлсіздеу болғанын көрсетеді. 5 жасқа дейінгі балалар өлімі жағдайларының жартысынан көбі өмірінің бірінші айында орын алады.
- Облыс бойынша 2021 жылдың І тоқсанында 0-1 жас аралығындағы бала өлімі - 6,9%-ды құрайды. Облыс бойынша 2021 жылдың I тоқсанында нәрестелер өлімінің жоғары көрсеткішін ерте неонаталдық кезеңде, респираторлы дистресс синдромынан көз жұму бірінші орында тұр. Ол 9 жағдайды (38 %-ды) құрайды. Екінші кезекте - пневмония ауруы - 5 жағдай (21 %-ды), үшінші кезекте туа біткен ақаулар - 4 жағдай (16 %-ды), - дейді облыстық Денсаулық басқармасының басшысы Ермек Омарбеков.
Денсаулық басқармасының мәліметінше, жазатайым оқиғалардан болған нәрестелер өлімінің негізгі себептеріне механикалық асфиксия (асқазан құрамына, затқа, ананың кеудесімен тұншығу), көміртегі тотығымен улану, жол-көлік апаттары жатады. 
- Мен жаңа босанған ана мен бала перзентханадан үйге келген күні барып, баланың хәлін тексеріп, аналарға баланы бөлек ұйықтату керектігін, баланың төсегінде ешқандай артық зат болмауы керектігін ескертемін. Тіпті қазіргі замануи, сәнді көрпе-жастықтар да қажет емес. Бұл баланың не істеп жатқанын көруге кедергі келтіреді. Ойыншықтары да ауыр емес, бұрыштары жоқ, жеңіл болуы керек және оларды күнделікті жуып отыру қажет. Сондай-ақ, баланы түнгі уақытта емізген кезде жанына алып жатуға болмайды. Себебі бала анасының кеудесіне тұншығып өлген кездері болған, - дейді Өскемен қаласының №1 емханасының педиатры Толқын Базарбекова.
Бала және нәресте өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналар және балаға қараушы тұлғалар баланы жалғыз бөлмеде қалдырмауы қажет. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ересектер бірқатар шараларды ескеріп, қауіпсіздіктің негізгі талаптарын қатаң сақтау керек. 

Дәрігерлер нәресте өлімін азайту мақсатында босанғаннан кейінгі кезеңде әйел өз денсаулығын сақтау үшін дұрыс тамақтануы және қосымша ауруларын емдеуі, гигиеналық талаптарды ұстануы керектігін айтады. 

Бала туғанға дейінгі және туғанғаннан кейінгі аптада бала жағдайына ерекше назар аудару керек. Сол кезде өлім-жітімді төмендетуге, өлі туған балалар санын азайтуға және ана өлімін азайтуға болады.
Следующая →