Шығыс қашан Зайсанның газымен жылынады?
Отандық көгілдір отын қытайға кетіп жатыр. Зайсан ауданының өзінде әлі 8 ауылға газ тартылмаған
Шығыс Қазақстан - жерінің үсті тау, орман, өзен, көл сияқты табиғат ғажайыптарына, жерінің асты алтын, күміс, қорғасын, мырыш, темір, уран, мыс, кадмий, титан, қалайы, полиметалл, вольфрам, көмір және тағы да басқа пайдалы қазба байлықтарына толып жатқан шұрайлы өңір. Бүгінгі таңда түйіні тарқатылмай тұрған түйткілді мәселенің бірі - Зайсан ауданынан шығатын табиғи көгілдір отынның жайы болып тұр.
Өкінішке орай, өзімізден шығатын газ өзегімізге бұйырмай, аспанасты еліндегі аспанкөз көршілерімізге кетіп жатыр. Жердің құрсағын жарып, атқылап шыққан күннен бастап қызығын қытай көріп отырғаны жасырын емес.
2020 жылдың 24 қарашасында Үкімет отырысында елімізді газдандандыру мәселесі қаралған болатын. Премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы 2021 жылы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Сол отырыста энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен бағыты бойынша газ құбырын салуды ұсынды.
Алайда ол ұсынысқа жергілікті халықтың белсенді тобы наразылық танытып, сонау Ресейден құбыр жүргізгенше, мына тұрған Зайсанның газын пайдалануды ұсынды.
Өкпелеп не қыламыз өтпеліге,
Біртүрлі біздің елдің бектері де,
Ноғаев Нұрлан мырза мәлімдепті
Ресейден газ тартуды көпке, міне.
Барнаулдан құбырды жүргізем де,
Газ сыйлаймын дейді ғой шеткеріге.
Өзіміздің ен байлық тұрған кезде
Қол созып қайтесіңдер көктегіге?
Зайсаннан шығып жатқан мұнай-газдың
Барлығы қытай жаққа өткені ме?!
Әй, үкімет, басқандай амал жоқ па,
Намыс қайда тән болған көк бөріге?
Зайсанның газымен-ақ бар шығысты
Қамтуға ақылдарың жетпеді ме?! - дейді күйінген ақын.
Зайсан ауданында 32 ауыл бар. Оның 25-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Су жүйесі жоқ Қабырғатал, Аққойын, Дауал, Сәтбай, Кәкенталды, Қайнар, Шалқар ауылдарына су тарту жұмыстары 2021-2024 жылдары жүзеге аспақ. Зайсан уаданы әкімділіұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылға халық саны аз бес ауылды (Қабырғатал, Аққойын, Дауал, Сәтбай, Кәкенталды) және шекарада орналасқан "Обалы" әскери заставасын таза ауыз сумен қаматмасыз ету үшін облыстық қазынадан 55 миллион теңге бөлінді. Қайнар және Шалқар ауылдарын сумен жабдықтау мақсатында су желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 8,5 миллион теңге қарастырылған. 2020 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 114 миллион 800 мың теңгеге Айнабұлақ, Бақасу, Жарсу, Тасбастау, Қаратал, Сарытерек ауылдарындағы су құбырлары жөнделіп, Ақарал, Жіңішкесу, Қосқора, Шүршітсу ауылдарына су тазартқыш блок-модульдер орнатылды. Газдандыру құрылысы бойынша 8 ауылдық елді мекенге 852 миллион 500 мың теңгеге магистральдық газ құбырлары тартылып, Зайсан қаласында үшінші кезең бойынша 45,7 миллион теңгенің жұмыстары атқарылған.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша 2021 жылы 3 миллиард 397 миллион 800 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 миллиард 184 миллион 200 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 миллиард 208 миллион 400 мың теңгеге тиісті іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр. Барлық мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып ауыл шаруашылығын, туризм, кәсіпкерлік, салаларын дамыту, тұрғын үй құрылыстарын жүргізу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, жолдарды жөндеу және әлеуметтік саланы дамыту бойынша жұмыстар жалғасын таппақ.
Осы жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Айнабұлақ, Қарабұлақ, Дайыр ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар тас жолының 27,5-47,5 шақырымдағы бөлігін орташа жөндеуден өткізуге облыс қазынасынан 500 миллион теңге көлемінде ақша бөлінді. "Бизнестің жол картасы - 2020" кәсіпті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлердің жобаларының, оған қоса индустриялдық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында 29,8 миллион теңгеге "Айка" шару қожалығының аңшылық үйіне дейін тоғыз шақырым жерге электр желісі тартылды.
Ауданнан шалғай орналасқан 6 елді мекенде ұялы байланыс түрін пайдалану тұрғындарға қиындық туғызады. Ағымдағы жылы аудандық байланыс бөлімшесінің жоспарына сәйкес Жарсу, Бақасу, Саржыра, Қайнар, Қуаныш және Біржан ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Өткен жылы Қарабұлақ, Кеңсай, Айнабұлақ, Сарытерек, Қаратал, Дайыр, Біржан, Жарсу, Қуаныш ауылдарына және Зайсан қаласындағы мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды.
Следующая →

Зайсанның көгілдір отыны жептей ме?
Алайда ол ұсынысқа жергілікті халықтың белсенді тобы наразылық танытып, сонау Ресейден құбыр жүргізгенше, мына тұрған Зайсанның газын пайдалануды ұсынды.
- Өзіміздің газдың 90%-ы қытайға кетіп жатыр, жергілікті халық тек 10%-ының қызығын көріп отыр. Тіпті ел ішінде газ қоры таяу жылдары таусылады-мыс деген күбір-күбір әңгіме де жүр, - дейді айтыскер ақын Серік Құсанбаев.Мамандардың зерттеуінше, Зайсан өңірінде 5 миллиард 200 миллион текше метр газ қоры бар.
- "Тарбағатаймұнай" ЖШС-ға 2018-2021 жыл аралығында осы өңірдегі табиғи көгілдір отынның қорын барлау, анықтау тапсырылған болатын. Бірақ олар оны ашып айтпай отыр, - дейді мәслихат депутаты Нұрасыл Болат.Үкімет талқысында Өскемен-Семейді газбен жылыту мәселесі қаралған шақта, Ақынгелді де өлеңмен қарсылығын білдірді:
Өкпелеп не қыламыз өтпеліге,
Біртүрлі біздің елдің бектері де,
Ноғаев Нұрлан мырза мәлімдепті
Ресейден газ тартуды көпке, міне.
Барнаулдан құбырды жүргізем де,
Газ сыйлаймын дейді ғой шеткеріге.
Өзіміздің ен байлық тұрған кезде
Қол созып қайтесіңдер көктегіге?
Зайсаннан шығып жатқан мұнай-газдың
Барлығы қытай жаққа өткені ме?!
Әй, үкімет, басқандай амал жоқ па,
Намыс қайда тән болған көк бөріге?
Зайсанның газымен-ақ бар шығысты
Қамтуға ақылдарың жетпеді ме?! - дейді күйінген ақын.
Ауданның тек тоғыз ауылына газ тартылған
Зайсан ауданында 32 ауыл бар. Оның 25-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Су жүйесі жоқ Қабырғатал, Аққойын, Дауал, Сәтбай, Кәкенталды, Қайнар, Шалқар ауылдарына су тарту жұмыстары 2021-2024 жылдары жүзеге аспақ. Зайсан уаданы әкімділіұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылға халық саны аз бес ауылды (Қабырғатал, Аққойын, Дауал, Сәтбай, Кәкенталды) және шекарада орналасқан "Обалы" әскери заставасын таза ауыз сумен қаматмасыз ету үшін облыстық қазынадан 55 миллион теңге бөлінді. Қайнар және Шалқар ауылдарын сумен жабдықтау мақсатында су желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 8,5 миллион теңге қарастырылған. 2020 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 114 миллион 800 мың теңгеге Айнабұлақ, Бақасу, Жарсу, Тасбастау, Қаратал, Сарытерек ауылдарындағы су құбырлары жөнделіп, Ақарал, Жіңішкесу, Қосқора, Шүршітсу ауылдарына су тазартқыш блок-модульдер орнатылды. Газдандыру құрылысы бойынша 8 ауылдық елді мекенге 852 миллион 500 мың теңгеге магистральдық газ құбырлары тартылып, Зайсан қаласында үшінші кезең бойынша 45,7 миллион теңгенің жұмыстары атқарылған.
- Зайсанның Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал елді мекендеріне газ жүйесі тартылып, толығымен қамтылған. 2020 жылы 3678 тұрғын үй орталықтандырылған газ желісіне қосылды. Барлық қосалқы тарифтерін есептеп санағанда газдың құны айына 11 теңге. Бұл республикадағы ең төменгі баға. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғындары газға 22 теңге, Қостанай облысы 20 теңге, Қызылорда облысы 18 теңге төлейді. Зайсанның Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сартерек, Жарсу, Саржыра, Бақасу деген 8 елді мекеніне 2019 жылы басталған газ тарту жұмыстары 2021 жылы аяқталады, - дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Айбек Ахмадиев.
Көпбалалы аналарға көмек көп
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша 2021 жылы 3 миллиард 397 миллион 800 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 миллиард 184 миллион 200 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 миллиард 208 миллион 400 мың теңгеге тиісті іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр. Барлық мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып ауыл шаруашылығын, туризм, кәсіпкерлік, салаларын дамыту, тұрғын үй құрылыстарын жүргізу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтау, жолдарды жөндеу және әлеуметтік саланы дамыту бойынша жұмыстар жалғасын таппақ.
- Ауданда әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларды жан-жақты қолдау мақсатында аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының бастамасымен Зайсан қаласына екі пәтерлі 18 тұрғын үй салынып, 36 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылса, Боқажанов көшесіндегі отыз пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, көпбалалы 24 ана мен алты жетім балаға пәтер кілттері табысталды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.Облыстық бюджеттен бөлінген 146 миллион теңгеге Боқажанов және Айтықов көшесіндегі көпқабатты екі үйдің ауласы абаттандырылып, Кондюрин, Спамбетов көшелерінің қиылысына арбат салынды. Арбат - бүгінде қала ғана емес, аудан тұрғындары келіп серуендейтін, демалыс орнына, қаланың көрікті жерлерінің біріне айналды. Орталық алаңға балаларға арналған спорт және шағын футбол алаңдары салынды. 2021 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Айнабұлақ ауылында 150 орындық ауылдық клуб үйінің құрылысы, Зайсан қаласында өткен жылы басталған 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылу қазандығына қосу бойынша жұмыстар жүргізілмек.
Заманауи жаңа аурухана мен үлкен мектеп салынады
Осы жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Айнабұлақ, Қарабұлақ, Дайыр ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар тас жолының 27,5-47,5 шақырымдағы бөлігін орташа жөндеуден өткізуге облыс қазынасынан 500 миллион теңге көлемінде ақша бөлінді. "Бизнестің жол картасы - 2020" кәсіпті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлердің жобаларының, оған қоса индустриялдық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында 29,8 миллион теңгеге "Айка" шару қожалығының аңшылық үйіне дейін тоғыз шақырым жерге электр желісі тартылды.
Ауданнан шалғай орналасқан 6 елді мекенде ұялы байланыс түрін пайдалану тұрғындарға қиындық туғызады. Ағымдағы жылы аудандық байланыс бөлімшесінің жоспарына сәйкес Жарсу, Бақасу, Саржыра, Қайнар, Қуаныш және Біржан ауылдарына талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Өткен жылы Қарабұлақ, Кеңсай, Айнабұлақ, Сарытерек, Қаратал, Дайыр, Біржан, Жарсу, Қуаныш ауылдарына және Зайсан қаласындағы мекемелерге талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды.
- Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесінің бюросында 2020-2024 жылдары шекаралық Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп бердім. Облыстық Nur Otan партиясы филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Зайсан ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, біздің сұранысымыз бойынша 2022 жылы Зайсан қаласының Сауыр мөлтек ауданында 300 орындық мектеп салынатынын айтты. Сонымен қатар, Зайсан қаласында көтерілген типті емхана салу мәселесіне байланысты облыстық Құрылыс және денсаулық сақтау басқармалары басшыларына тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудан орталығына жаңа типті, заманауи құрал-жабдықтарымен қамтылған аурухана салудың уақыты келгенін айтып өтті, - дейді Зайсан ауданының әкімі Серік Зинабекұлы.Шығыстың шекарасында тұрған 5 ауданның ішінде - Зайсан ең дамыған аудан болып саналады. Облыс басшысының берген уәдесі мен тапсырмасы орындалса, келешекте қазіргіден құлпырып көркейеді деп үміттенеміз.