Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жармадағы ішкі істер бөлімінде музей ашылды

Жарма аудандық ішкі істер бөлімінде осы саланың тарихын тереңнен толғайтын, қызметкерлерінің өмірінен сыр шертетін мұражай есігін айқара ашты

Жарма аудандық әкімдігі мәлімдегендей, өңірдің ішкі істер бөліміндегі бұл мұражай қорында осы салада қызмет атқарған, еңбегі елеулі ардагерлердің есімі, соғыс, еңбек ардагерлері туралы қызықты деректер топтамасы, мұрағаттық құжаттарымен экспозициялар, аталған салаға тікелей қатысты фотоқұжаттар мен материалдар, жеке қолданыстарында болған көне фотоаппарат құрылғылары сынды тарихи жәдігерлермен қатар, бұрынғы үлгідегі милицияның нысанды киім үлгілері, спорт жетістіктерінің түрлі медальдары мен дипломдары қойылған арнайы бұрыш ұйымдастырылған.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды қатаң сақтай отырып, мұражайдың салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастырған ішкі істер бөліміндегі бұл шараға аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин және арнайы қонақ ретінде келген еліміздегі ішкі істер саласының ардагерлері, сексеннің сеңгірінен асқан Зия-бек Байнұрқашев пен Құмар Мұқашев, мұражайды ашу ісіне бастамашы болып, осы жұмысты өзі қолға алған өңірдің ішкі істер бөлімінің ардагері Талғат Бекқасымов қатысты.

Аудандық ішкі істер бөлімінде ашылған бұл мұражайдың жас полиция қызметкерлері үшін сала тарихын тереңнен танытатын тағылымға толы орын болары сөзсіз.
Следующая →