Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қарауыл қырағы болса, қамал берік...

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шуақ кентінде 6699 әскери бөлімінің 5-ші атқыштар ротасы күзететін 113-ші орташа қауіпсіздік режиміндегі түзеу мекемесі орналасқан

Мұнда қызмет бабын асыра пайдаланып, пара алған, біреудің ала жібін аттап, алаяқтық жасаған, тіпті, есірткі сатумен айналысып, айыпталған бұрынғы құқық қорғау саласы мен әскер қатарында қызмет еткендер жазасын өтеуде.

Шуақ кенті жазы жел, қысы боран, аязы бетке шыдас бермейтін ерекше климатты елді мекен. Мұнда әсіресе, жылы аймақтан шақырылған сарбаздар алғашында ауа райына үйрене алмай, біраз қиналатын көрінеді. 
- Әсіресе, алай-дүлей түтеген боран, қарлы бұрқасында сақшылар жүретін жолақты 5 метрге дейін қар басып қалатын кездер болады, - дейді Ұлттық ұланның Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді. - Қоршаудың өзі 7-8 метр екенін ескерсек, айналдырған 2-3 метрлік биіктік іштегілердің сыртқа қашуына қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан, қардың қалыңдығы мен биіктігін үнемі тазалап отыру қажет. Онымен қоса, үдей соққан боран бекетте тұрған сақшының күзету аймағын бақылауына едәуір қиындық туғызады. Мұндайда бекеттерге дереу қарауылдың күшейту тобы жұмылдырылып, сақшылардың қырағылығы екі есе сыналады.
Бұл 5-ші атқыштар ротасының қарауыл бастығы сержант Талғат Қыстаубаев үшін таңсық емес. 2007 жылдан бастап әскери қызметін Шуақ кентінде атқарып келе жатқан ол табиғаттың тосын мінезіне еті үйренген. Жалпы, Талғат Ұлттық ұлан сапына алғаш 2002 жылы сарбаз ретінде шақырылған. Сержант Қыстаубаев Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде жауынгерлік жолын сақшылықтан бастаған. 

Өзі жүріп өткен жолдың қыр-сырын үйрету үшін, сарбаздарға қашанда тәжірибесімен бөлісуден жалыққан емес. Жалпы, Талғат Тұрағылұлы қарауылда 18 жыл қызмет етіпті. Оның 12 жылы Шуақ кентінде өткен екен. Мұндағы түзеу мекеменің ерекшеліктері мен оның күзету аймағын бүге-шегесіне дейін зерттеп алған.
- Әрине, өзің күзететін нысанның, оның ерекшеліктеріне баса мән беру аса маңызды. Күзету аймағының жалпы көлемі қандай, ара қашықтығы қанша шақырым, қоршаулардың ені, биіктігі қанша метр, қар қалың түскен жағдайда қанша метр болады? - дейді 5-ші атқыштар ротасының қарауыл бастығы сержант Талғат Қыстаубаев. - Міне, осының бәрін біліп, зерттеп алмаса, шұғыл жағдай туындағанда тиімді әрекет ету қиынға соғады. Алғашында 113-ші түзеу мекемесі жалпы режимде болған кезде сотталушылардың көбі кісі өлтірген, тонаушылар мен ұры-қарылар еді. Бір емес, бірнеше рет сотталғандар қатары көп болатын. Ондайлар көбінесе қылмысқа еті үйренген, қашуға бейім келеді. Яғни, бекет басында тұрған сарбаздарымызға аса сақ болуды ескертетінмін. Әсіресе, көз байлаған боранды күндерді пайдаланып кетуі мүмкін.
Ал қазір мұнда жоғары білімді, жоғары шенді, құқық қорғау саласында, әскери қызметте түрлі дәрежедегі лауазымда болған азаматтар жазасын өтеуде. Бірақ бәрібір босаңсуға жол бермеу қажет. Өйткені бір рет қылмыс жасаған адам, екінші рет әрекет етуі ғажап емес. Олардың ойында не жүргенін біз білмейміз ғой. Сондықтан сақшыларға осыны үнемі ескеріп, барынша қырағы болуды ескертіп жүремін. Біз күзететін түзеу мекемесінің ерекшелігі осында.

Ауа райының тосын мінезіне қарамай, жауынерлік қызметін бекетте өткізетін сақшыларға айналдырған төрт қабырғалы темірде барынша жағдай жасалған.
- Аязы қатты, бораны тіпті жұмалап, тоқтаусыз соғатын аймақ қой, - дейді Талғат Тұрағылұлы. - Дегенмен, қазіргі бекеттер бұрынғыдай емес, 40 градусты аязға төтеп бере алады. Сақшылардың үстілеріне тұлып, аяқтарына пима, астыларына қосымша киіз жайылған. Онымен қоса, ішінде жылу беретін электр пеші орнатылған, сақшының қызмет барысы үнемі бейнебақылау камерасы арқылы қадағаланып отырады. Тек өзіне жүктелген міндетті жауапкершілкпен атқарса болды. Қалғаны бізде барынша қарастырылған.
Бұндағы қарауыл құрамында 12 сақшы, қарауыл бастығының көмекшілерімен қосқанда жалпы құрамы 18 адам жауынгерлік қызметте.
- Сарбаздарды былай қойғанда, сержанттар құрамының барлығы 2007 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, - дейді 5-ші атқыштар ротасының қарауыл бастығы. - Шуақтағы 111-ші түзеу мекемесі жабылып, екі ротадан тұратын батальонымыздың 6-шы ротасы қысқартылып, қайта жасақталғаннан кейін ондағы тәжірибелі әскерилердің біразы 5-ші ротаны толықтырды. Олар көбіне осы Жаңғызтөбе ауылында туып-өскен, келісімшарт бойынша қызметтегі азаматтар. Олар тек қарауылдың ішкі-сыртқы қызметін жетік біліп қана қоймай, елді мекенді алақанындай анық біледі. Сотталушы қашып кеткен жағдайда олардың барар жері мен басар тауын беске біледі. Негізі осындайда сержанттардың өзі қызмет етіп жүрген аймақта туып-өскендігі өте маңызды. Былайша айтқанда, өзімнің қаруластарыма, жауынгерлеріме толық сенемін десем де болады. Тек, сол сенім сыналатын сәттер ешқашан болмай-ақ қойсын...
Сақшылары қырағы, бекеті берік болғандықтан бұл түзеу мекемесінен жазасын өтеушілердің қашқан жағдайы болмаған. Нақтырақ айтқанда, соңғы 18 жылда Талғат Тұрағылұлының тәжірибесінде бұндай төиенше жағдайлар орын алмапты.
- Бағыма орай болар, өзім күзететін мекемеден әзірге ешкім қашқан емес. Қашпақ түгілі, әрекет еткендер де болған жоқ. Бірақ тиым салынған заттарды сырттан ішке, іштен сыртқа лақтырмақ болғандар аз болған жоқ.Олардың әрекетіне дер кезінде тосқауыл болып жүрміз. Сотталушы қаша алмаса, сақшылары қырағы, бекеті берік деп ойлаймын өз басым. Демек, қызметімізді тиісті деңгейде атқарып жүрміз деп сенемін, - дейді қарауыл басшысы.

Следующая →