Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көкпектіде Абылай ханға ескерткіш қойылды

Көкпекті ауданында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Абылай ханның ескерткіші ашылды

Көкпекті ауылындағы Ұлы дала елі алаңына қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға арналған ексерткіш орнатылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімі мен ақсақалдары жиналып, алтын тақта отырған ханның ескерткішін салтанатты түрде ашты.

Аудандық "Жұлдыз" газетінің тілшісі жазғандай, еңселі ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде жергілікті тарихшы Қайрат Малғаждаров Абылай хан тұлғасының Көкпекті жерінде, дәл Толағай төрінде бой көтеруі бекер еместігін атап өтті. Абылай хан ел азаттығы үшін болған соңғы шайқастардың бірі - Қалбадағы қақтығыс пен Шорғадағы ұрыстарды өткізуге дайындалып, ордасын дәл осы Толағай тауы етегіне тіккен және жауды жайрата жеңген болатын.
- Қымбатты жерлестер, баршаңызды Қазақстан Республика сының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік тойы қарсаңында ауданымызда үлкен нысандар ашылды. Солардың бірі - Абылай хан көшесі бойындағы осынау Абылай хан ескерткіші. Бұл ескерткіш аудан тұрғындарына Тәуелсіздік күні қарсаңында үлкен сый болды, - дейді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.

Следующая →