Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданындағы Мамай батыр ауылында жөндеуден өткен көпір пайдалануға берілді

Аталған ауылдағы көпір өткен ғасырдың 50-ші жылдарында салынған болатын. Содан бері көпірдің әбден тозығы жеткен

Су тасыған шақтарда тұрғындар жанын шүберекке түйіп өтетін көрінеді. Бүгінде көпір толықтай жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. 
- Мамай батыр ауылындағы көпірді толық қайта жөндеп, пайдалануға бердік. "Индустрой-2" мердігерлік компаниясы белгіленген мерзімде өзіне алған міндеттемелерін сапалы орындады. Көпір өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған. Бүгінгі күнге дейін жыл сайын көктемде, өзен тасыған уақытта су астында қалып, оны шайып кету қаупі болған. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізілді, - дейді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Аудан әкімінің айтуынша, көпірдің екі жағында баспалдақтар мен жаяу жүргіншілер жолдары салыныпты.
- Көпірдің тіректері ауыстырылды, қоршаулар орнатылды, көпірдің екі жағында баспалдақтар мен жаяу жүргіншілер жолдары жасалды. Сондай-ақ, мердігер ұйым өз есебінен көпірге жарық орнатты. Бұл Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру және мемлекет басшысының жолдауларын жүзеге асыру. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен биыл ауданымызда ондаған әлеуметтік нысан жөнделді. Көпірлер жөндеуден өтіп, жолдар салынды, - дейді Ұлан ауданының әкімі.
Мамайлықтар енді көктемде су кешпейтін болды. Жағымды жаңалыққа балаша қуанған тұрғындардың қуанышында шек жоқ. 
- Осы көпірдің жөнделуін ұзақ күттік. Ақыры жөнделіп жақсы болды. Көктемде тасқынсу көпірден асып кететіндіктен кешіп өтетінбіз. Кейде тіпті өте алмай қайтып кететін күніміз де болған. Аудан әкімдігіне алғысымыз шексіз, - дейді Жанар есімді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкіміне Тайынты мен Асубұлак ауылдарына да бір көпірдің қажет екендігін айтып қалды. Екі ауылдың арасындағы көпірді су шайып кетіпті. Азаматтардың өтінішін ескерген басшылық мәселені келер жылы шешеміз деп уәде берді. 
Следующая →