Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жарма ауданындағы ауылдарға су қараша айында беріле бастайды

Жарма ауданына қарасты Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау жұмыстары аяқталды

"Nur Otan" партиясы Жарма аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі мүшелері мен "Шығыс - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі бірлесіп, Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы барысымен танысты. 
- Бүгінде Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны 315 млн теңгені құрайды. Аталған жоба арқылы 106 түтіні бар ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Мердігер "KAZFROFSTROY HOLDING" ЖШС бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары мен жалпы ұзындығы 6,9 шақырымды құрайтын су желісін тарту жұмыстарын аяқтаған. Яғни, әрбір тұрғын үйлердің іргесіне дейін су желісі жеткізілген, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, тұрғындарға таза ауызсу осы жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. 
- Ендігі кезекте су мұнарасын орнату және су ұңғымаларына электр желілерін тарту жұмыстарын қолға алмақ. Жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында нысанды қолданысқа беруді көздеп отыр. Қоғамдық ұйым өкілдері бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізе отырып, халық игілігіне бағытталған жұмыс уақтылы әрі сапалы жүзеге асуы тиіс екендігін алға тартты, - дейді аудан әкімі.

Следующая →