Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Катонқарағай ауданына құрбандар есімі жазылған тақта жеткізілді

Жақында Катонқарағай ауданына өлкетанушы, мұрағатшы, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Ұлан ауданының Құрметті азаматы, "Звено Алтая" ӘБ мүшесі Алдияр Әубәкіров пен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық келісім төрағасы Геннадий Пусеп келді

Олар 1936-1938 жылдар аралығында КСРО-дағы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының құрбандарына арналған тақтаны әкелді. Катонқарағай өңірі бойынша 61 саяси репрессия құрбандарының есімі жазылған тақта аудандық Қабдығали ата мешітінe табысталып, Құран бағышталды. 

Геннадий Пусеп және Алдияр Әубәкіров Достық үйінде аудандық ақсақалдар алқасының мүшелерімен кездесті. 
- Менің ұлтым - эстон. Саяси қуғын-сүргін заманында қазақ халқы көп ұлтты бауырына басты. Қиын-қыстау заманда барынан айырылған бірнеше ұлт өкілдері барлық ауыртпалықты қазақ халқымен бірге көтерді. Соның бірі - эстондықтар. Біз сол қилы заманда тек қазақ халқымен біте қайнасып, зор қамқорлық көрдік,- деді Геннадий Николаевич.
Алдияр Ақылбековтың айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ үшін өте маңызды.
- Кеңес заманы тұсындағы тарих беттерінің қайғысы мол бұл парағы ешқашан ұмытылмақ емес. Қазақ интеллигенциясы еңбекпен өтеу лагерлеріне қамалып, түрмеге жабылып, талай қиындықты бастан кешірді. Бұдан басқа қарапайым халық та жапа шегіп, талай адам ату жазасына кесілді. Катонқарағай өңірі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 61 адамның 30-дан астамы 2 күн ішінде ату жазасына кесілген екен. Ендігі кезекте тарихтың ақтаңдақ беттерін зерттеп-зерделеуіміз керек, - дейді Алдияр Әубәкіров.
Следующая →