Ұрлыққа түскен азамат ұсталды
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйге ұрлыққа түскен азамат қолға түсті
Бұл туралы Өскемен қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Баспасөз қызметінің сөзіне сүйенсек, тексеріс барысында жәбірленушіден шақырту түспей тұрып, 1 сағат бұрын Өскемен қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары аға лейтенант Т.Б. Қасенов және полиция капитаны А.М. Мамаев әкімшілік аумақты патрульдеу барысында қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішіп жүрген 23 жастағы азаматты тоқтатыпты. Тексеру кезінде оның қалтасынан әйел адамның алтын әшекейлері табылған. Жас жігіттің іс-әрекеті полиция қызметкерлеріне күдік туғызғандықтан, азамат полиция бөліміне жеткізіліпті. Кейін оның бұрын сотты болғаны анықталды.
Следующая →
- Өскемен қалалық полиция бөліміне түн кезінде қала тұрғынынан шақырту келіп түсті. Оның айтуынша, белгісіз адам 1-ші қабатта орналасқан жатын бөлменің пластикалық терезесін басып кіру арқылы пәтер ішіне заңсыз түрде еніп, ішінен алтын алқаларды, жүзікті және 5000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлаған. Келтірілген шығын құны 105000 теңгені құрады, - дейді Өскемен қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің сөзіне сүйенсек, тексеріс барысында жәбірленушіден шақырту түспей тұрып, 1 сағат бұрын Өскемен қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторлары аға лейтенант Т.Б. Қасенов және полиция капитаны А.М. Мамаев әкімшілік аумақты патрульдеу барысында қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішіп жүрген 23 жастағы азаматты тоқтатыпты. Тексеру кезінде оның қалтасынан әйел адамның алтын әшекейлері табылған. Жас жігіттің іс-әрекеті полиция қызметкерлеріне күдік туғызғандықтан, азамат полиция бөліміне жеткізіліпті. Кейін оның бұрын сотты болғаны анықталды.
- Жәбірленушіден арыз түсе салысымен, аталған азамат өзінің ұрлық жасағаны туралы хабарлап, кінәсін толығымен мойындады. Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне ішінара қайтарылды. Белгілі болғандай, ұрланған 5000 теңгедей ақшаны спирттік ішімдікке жұмсап қойған. Қазіргі уақытта аталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті, - дейді баспасөз қызметі.