Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Таза ауыз су ішетін күн алыс емес

Биыл Глубокое кентіне қарасты бірнеше шағын аудандар мен ауылдардың жолдары жөндеуден өтіп, таза ауызсу тартылды

- Ауданымызда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, ауданға кіреберіс жолдар, Белоусовка кенті арқылы өтетін жолдар жөнделді. Сонымен қоса, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша Попович, Пирогов көшелеріне, Абай, Трактовая, Жамбыл, Калин шағын аудандарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Сергей Кимасов.
Аталған ауданда Үлбі-Перевалачная, Карагужиха елді мекендеріне таза ауызсу тарту мәселесі де жуық арада оң шешім таппақ. 
- Қазіргі таңда осы ауылдарға таза ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде. Блок-модульдік станциялар орнатылып жатыр. Бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Енді көп ұзамай тұрғындар ауызсумен қамтамасыз етіледі, - дейді аудан әкімінің орынбасары.

Следующая →