Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +21°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көпір құрылысы қашан басталады?

Осыған дейін теңге бағамы тежеп тұрған Бұқтырма суқоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының биыл басталатынын шенеуніктер ресми түрде мәлімдеді

Қазақстандағы ең ұзын көпірді Күршім ауданы Құйған ауылының тұсында салу жоспарланған, жалпы ұзындығы 1300 метрді құрайтын болады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Енді тендер жариялау, мердігер компанияны анықтау және онымен келісімшарт жасау жұмыстары басталмақ. Ал құрылыс үшін 2020 жылға республикалық бюджеттен 5 млрд теңге, облыстық бюджеттен 500 млн теңге бөлінгелі отыр. Жобаның жалпы құны 30,2 млрд теңге.

- Бүгінгі таңда бұл жобаға облыстық бюджеттен бөлек, республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге көлемінде қаражат сұрап отырмыз. Көпір құрылысын жүргізу жоба бойынша үш жыл, яғни, 36 айға жоспарланған. Бұл барлық конкурстық процедуралар аяқталып, келісімшартқа қол қойылғаннан кейін басталады деген сөз, - дейді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Мердігер анықталған соң рес-публика бюджетінен бөлінетін қаражатты күтпей құрылыс жұмыстары бастала береді. Яғни, анықталған мердігер компания құрылыс алаңын, жұмысшылардың жататын базаларын салу, жарық тарту, техникаларды жеткізу сияқты дайындық жұмыстарын жүргізеді.

- Сол дайындық жұмыстары жүргізілгенге дейін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп қояды. Сонымен қатар, көпір құрылысы аяқталғанша Құлынжон ауылынан көпірге апаратын 16 шақырымдық жол салынады, - дейді Нұржан Жұмаділов.

Айта кетейік, мердігер компанияны анықтау үшін байқау 15 ақпанда жарияланады. Осы күннен 70 күн аралықта мердігер компанияның есімі белгілі болады. Бұл шамамен сәуір-мамыр айы.

Следующая →