Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Апатты жағдайдағы Жолнұсқау мектебінде енді екі жыл оқиды...

Күршімнің балықшы ауылы - Жолнұсқауда пайдалануға берілгеніне 50 жыл болған мектептің халі мүшкіл бүгінде

Сынып бөлмелерінің төбесі опырылып, құм саулап, астынан қойылған тіреуге сүйкеніп әрең тұр. Облыста екі апаттық мектеп - Күршім ауданындағы Урунхайка ауылы мен Жолнұсқау ауылындағы мектептер басты мәселеге айналды.

Рас, апатты жағдайдағы мектептер біздің өңір үшін де әлі күнге түбегейлі шешімін таппай келе жатқан өткір мәселе. 2012 жылы Шемонаихадағы жалғыз қазақ мектебі апатты деп танылып, күтпеген жерден жабылып қалғаны есімізде. Мамандар 60-шы жылдары пайдалануға берілген мектептің қабырғаларында жарық пайда болғанын, аз уақыт ішінде оның 7 сантиметрге дейін ұлғайып кеткенін анықтаған. Арнайы комиссия үш қабатты ғимараттың төбесі кез келген уақытта ортасына опырылып түсуі мүмкін деген тұжырымға келіп, жылдам шешім қабылдаған. Сөйтіп, 350 оқушы оқу жылын орыс мектебінде аяқтағаны бар. Жалпы, білім сапасын жақсартамыз десек, мектеп ғимараттары да сол талапқа сай болуы тиіс. Апатты мектептерде алаңдап отырып алған білімнің баланың миына қонбайтыны да анық. Сол сияқты Күршім ауданындағы Жолнұсқау ауы-

лында 1970 жылы пайдалануға берілген апатты ғимаратта еліміздің келешегі болып саналатын 52 бала білім алып жатыр. Тұрғындар мен ауыл балалары заманауи технология, заманға сай кең сарай ғимарат емес, тек қауіпсіз ғана мектеп болғанын қалайды.

Ауылдың алты ауызы қолқа салғаннан кейін ауыл қариясы, зейнеткер Дәлелхан Сәкенов Жолнұсқау негізгі орта мектебі оқушыларының апаттық жағдайдағы мектепте оқып жатқанын бір емес, бірнеше жылдан бері облыстағы, аудандағы басшыларға айтып келеді. Алайда нақты шешім болар емес...

- Алда-жалда төбе опырылып кеткен жағдайда не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. 52 баланың талапқа сай жаңа мектепте лайықты білім алуға хақылары толық қой. Спорт залдың жоқтығынан оқушылар денешынықтыру сабақтарын доп ойнап, жүгіріп, секіріп емес, партада отырып өткізеді. Қазір бұрынғыдай "әйтеуір хат таныса болды" дейтін кезең емес, еліміз азулы мемлекеттермен бәсекеге түсіп жатқан 21-ші ғасыр емес пе? - деп қынжылады қария. - Осы ретте басшы азаматтардан сұрайтынымыз - ауылымызға жаңа мектеп салынса екен. Бізге екі-үш қабатты зәулім ғимараттың қажеті жоқ, бір қабатты білім алуға қолайлы, балалардың амандығына алаңдатпайтын қарапайым мектеп болса, жетеді.

Жолнұсқау мектебін 1970 жылы ауыл балықшылары өз қолдарымен салған. Саманнан салынған мектеп 1971 жылдан бері пайдаланылып келеді. Мектептің жылдағы ағымдық жөндеу жұмыстарына 300 мың теңге бөлінген. Бұл қаржыға іші-сырты сырланып, жамап-жасқалынды. Алайда жыл сайын жөндеуге бірнеше жүз мыңдап бөлінетін ол қаражаттың бәрі желге ұшып жатқан жайы бар.

Облыстық Білім басқармасының ақпаратына сәйкес, елу-ақ бала оқитын ауылға жаңа мектеп салу үшін, жоқ дегенде, 1 млрд теңге қаражат жұмсалады екен. Осы сала мамандарының айтуынша, бұл қай жағынан болмасын тиімсіз. Негізінен ауылдың екі жағындағы екі ауылда да жаңа мектеп салынған. Өткен жылы апаттық жағдайдағы мектепті жауып, Жолнұсқау тұрғындарының балалары жақын жердегі ауылға барып оқысын деген де сөз шыққан екен.

- Жақын жердегі ауыл Ақсуатқа дейін 20 шақырым. Сол Ақсуатқа апаратын күре жолға дейін жол жоқ. Күре жолға жеткізетін 19 шақырым жолмен жазда ғана жүруге болады. Күзде, көктемде сары балшығы шыққан жолмен көлікті қойып, атпен жүру мүмкін болмай қалады, - дейді Болатбек есімді ауыл тұрғыны.

Мектептің тоз-тозы шыққаны күні кеше ғана емес, 20-25 жылдың жүзі болған. Тек 2014 жылы Өскеменнен комиссия келіп тексеріп, апатты жағдайда деген шешім шығарды. Жолнұсқауға мектеп салуға жобалық-сметалық құжат бір емес, екі рет жасалғанымен, экономикалық жағынан негізсіз, мектеп салуға қарастырылған қаражат көлемі көп делініп, ауданда жасалған жоба облыстан өтпей қалып, мектеп сол күйі салынбай қалды. Болашақта аталмыш ауылға да типтік үлкен мектеп болмаса да, өзіне шақ білім ұялары салына ма екен?

- "Апатты жағдайдағы мектептеріміз мүлдем жоқ" деп айта алмаймыз. Ондай мектептердің барлығына дерлік жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір күн тәртібінде тұрған екі мектеп бар. Олардың мәселелері бірі сыйымдылығы төмен болғандықтан, екіншісі жер теліміне қатысты шешім таппай жатыр. Ол мектептің екеуі де Күршім ауданында. Бірі - Жолнұсқау ауылында, екіншісі - Уранхайка ауылында, - дейді облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова. - Жолнұсқау ауылында мектеп салуға бюджеттік тапсырыс берілген, жобасы жасалынды, облыс-тан мақұлданды. Тек келер жылы емес, мектеп құрылысы 2021 жылы басталады.

Иә, осылайша белағашқа кепілмен салынған қарғашаға тіреліп тұрған мектепте балалар енді 2 жыл білім алады екен. Алайда "жарты ғасыр болған мектептің қабырғалары енді екі жыл шыдас берер ме екен?" деген күдік те, күмән де жоқ емес. 

Следующая →