Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Білім саласының былығы көп

Бүгінгі таңда білім саласының білігінен көрі, былығы көп болып бара жатыр

Оқулықтағы олқылықтар мен қателіктер халықтың жүйкесін жұқартқалы да біраз болды. Сонымен қатар, жүндей түтілген білім жүйесі сыбайлас жемқорлыққа да жол беріп келеді.

Өскеменде "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2018-2019 жылға арналған жиыны өтті.

Жиынға партияның орталық аппаратының өкілдері мен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова, Қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ЖОО ректорлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар егжей-тегжейіне дейін талдап айтпаса да, жазып алғандарын ойланбастан оқып шықты. Оқылған жазбаларға қарағанда сыбайлас жемқорлық бойыншы облысымыздың білім саласы алдыңғы қатардан көрініпті.

- Жыл басынан бері облыс бойынша 19 жемқорлық фактісі тіркеліп, оның 16-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Статистика көрсеткендей білім саласы пара беру мен алу кеңінен таралған негізгі ошақ болып тұр, - деді облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ринат Набиев.

Іргелі еліміздің білім саласына қатысты ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы екі жыл ішінде 433 жемқорлық құқықбұзушылық ісі тіркелген. Жалпы саны 250 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Құқық бұзушыларға қатысты істің 325-і сотқа жіберіліп, тергеу жүргізілген. Істің ақырында 167 адам сотталған.

Бұл облыста ғана емес, ел көлемінде белең алып кеткен жағдай. Білім саласына қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша түмен жылдық тарихы бар Түркістан облысы 45 адамды жауапқа тартумен көш бастап тұр. Шығыс жұрты 43 адаммен екінші орында. Жамбыл облысында 28, Қызылорда облысында 18, Алматы облысында 16, Атырау облысында 16 адам жауапқа тартылған. Қылмыстық іс жасаушылар мемлекетке жалпы көлемі 716 млн теңге шығын келтірген. Cоның 350 млн теңгесін қайтарған. Бұл шығынның жартысы ғана.

Жемқорлық әртүрлі әрекеттердің негізінде болған. Атап айтқанда, жалған аттестаттар жасау бойынша, сертификаттар мен дипломдар беру кезінде болған жағдайлар және кадр мәселесі бойынша. Жоғары оқу орындары аккредитация мен аттестациялардан өтуде, білім алуға арналған мемелекеттік бағдарламаларды жүргізу барысына бөлінген қаржыларды жымқыру ісі бойынша фактіге ілінген.

Жемқорлықпен басталған жол ұзаққа апармасы анық. Сондықтан білім саласында былық пен жемқорлықты жою керек екендігі жиын барысында айтылды.

Следующая →