Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қадір түні - дұға мен құлшылық түні

Бүгін, яғни, мамырдың 31-інен маусымның 1-іне қараған түн - Қадір түні

Егер айлардың сұлтаны - Рамазан болса, түндердің сұлтаны - Қадір түні, ал күндердің сұлтаны - жұма. Бұл үш сұлтандық та бір күнге, бір түнге тоғысатын күн болады екен.

Ол - Рамазан айының соңғы он күнінің біріне жасырылған Қадір түні. Мұсылман жамағаттың осы түні жасаған амалдары мыңдаған айлар бойы жасаған амалынан сауапты. Ал биылғы Қадір түні 31 мамырдан

1 маусымға қараған түні жұмаға сәйкес келіп отыр.

Бұл түннің қадір-қасиеті жайлы облыстық Халифа Алтай мешітінің наиб-имамы Дәулет қажы Қабидолдиннен сұрап білген едік.


Тақ күндерден іздеңдер...

Қадір түнін іздеудің өзі - ғибрат деседі. Он күннің ішінен сұлтани түнді іздемек болған мұсылман мол сауапқа кенелетін көрінеді. Мұның өзінде де Алланың даналығы мен мейірімі жатыр емес пе?! Десе де, иман етушілердің үздіккен көңіліне үміт беру үшін Қадір түнін қай күннен іздеген жөн?

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің тақ күндерінен іздеңдер деп өсиет еткен. Ислам ғалымдары жұп күннен тақ күнге ауысқан түндерінің бірі Қадір түніне дөп келеді деген пайымға келген. Мұндай күндердің саны - бесеу. Яғни, олар - айдың 20-сынан 21-іне, 22-сінен 23-іне, 24-інен 25-іне, 26-сынан 27-сіне, 28-інен 29-ына қараған түндер. Сол себепті мұсылмандардың көбі осы бес күнді түгелдей құлшылыққа арнап, Алладан кешірім сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тағы бір хадисінде Қадір түні Рамазан айының 27-сі немесе 29-ы екенін айтып кеткен, - дейді Дәулет қажы.

Соған қарамастан Алла Елшісі (с.ғ.с) Рамазанның аяққы он күнінде ерекше ынтамен құлшылықты күшейтіп, түнгі намазын көбейтетін болған. Бұл туралы Айша анамыздың "Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алланың Елшісі (с.ғ.с) түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін де оятатын және құлшылықтарында ерекше ынта танытатын" деп айтқан. Жалпы, адам баласы осы ең соңғы түндерде ерекше құлшылық жасауға тырысу керек.

Бірақ Алла Тағала дәл нақты қай күні болатынын жасырып қойған Қадір түнінің өзіндік белгілерін де көрсетіп кеткен. Яғни, оны табиғатқа, ауа
райына қарап анықтауға болады. Бұл ерекше түн. Бұл тыныш түнде жауын-шашын болмайды. Ауа райы жылы, бірқалыпты болады. Жел баяу соғады. Алла Елшісі (с.ғ.с) "Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады. Тағы бір белгісі - таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді" деген. Бұл түнде періштелер жерге түсетіндіктен, түннің өзі де нұрланып, жарық сәулеге малынған тұнық күйде болады. Тіпті, ағаштар да иіліп тағзым етіп, ауаға ерекше хош иіс таратып тұрады.

Қалай өткізген дұрыс?

- Лажы келсе, мешітке келуге тырысу керек. Жамағатпен бірге намаз оқып, уағыз тыңдап, Құран Кәрім оқып дұға жасап қайтқаны жөн. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтып, шапағатынан үміттеніп, оның үмметі екенімізді саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт. Егер мешітке жолыңыз түспеген болса, үйде отырып, уағыз-насихат тыңдап, діни фильмдер көріп, дұға жасап, құлшылыққа ынта қоюымыз керек. Жамағатпен сұхбат құрып, күнделікті күйбең тіршілікте жүрекке түскен кірбің-тозаңды жуып-шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуға тиістіміз. Алладан кешірім сұрап, тәубеге келгеніміз жөн. "Аллаһым, сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр!" деп дұға жасаған абзал. Алланы еске алып, көп зікір жасаумыз қажет, - дейді имам.

Қадір түнін таңға дейін күту деген шарт емес. Егер күндіз шұғыл жұмыстары боп, жол жүру керек болса, онда құлшылықты ертерек аяқтап, демалғаны жақсы.

- Бұл түнде мұсылман жамағат Жаратушысынан кешірім сұрап, істеген ісіне өкініп, құлшылықпен өткізгені жөн. Айша анамыз Алла Елшісінен (с.ғ.с): "Ей Алланың Елшісі, Қадір түні болғанда мен не айтайын?", - деп сұраған кезде, ол: "Я Раббым, Сен кешірушісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр", - деп жауап берген екен. Сонымен қатар, дұғаны өзіңіз үшін ғана емес, жақын адамдарыңыз, Мұхаммед пайғамбардың үмбеттері және сізден осыны сұрағандар үшін оқығаныңыз жөн, - дейді наиб-имам.

Қадір түнгі құлшылықты түнде ғана жасау керек деген заң жоқ. Күндізді де құлшылыққа толтыруымыз керек.

- Сондықтан 31 маусым күні өңір мешіттерінде жәрмеңке өткізіліп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мұқтаж жандарға азық-түлік таратылады. Діни-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Түнімен тарауық, тәһәджуд намаздары оқылмақ. Мың адамға арналып таңсәрі беріледі, - дейді Дәулет қажы Қабидолдин.

Тағдыр таразыға түседі

Қадір түнін - тағдыр түні деп те меңзейді. Алла Тағала осы түні пенделерінің бір жылдық тағдырын бекітеді. Бір жыл ішіндегі табиғат құбылыстарын, жақсылық пен жамандықты, өмірге келетін әрі өмірден өтетін адамдардың мезгілін бекітеді.

- Қадір түнінде тағдыр тақтасына құлшылықтағы құлдардың тілектері жазылып, алдағы бір жылға қатысты үкімдер тоқылады. Бұл туралы ғұлама Мужаһит: "Қадір түні - тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін, тағы басқа үкімдерді белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафиль, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады", - деген. Ал Абдулла Ибн Аббас сол түні бір жылда қашан және қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келіп, кімнің дүниеден озатындығы, кімнің қажылыққа баратындығы жазылады деп кеткен, - дейді имам.

Сондықтан осы күндері қайыр садақа беруді жиілету керек. Өйткені садақа мұсылманның күнәсінің кешіріліп, келе жатқан кесапаттың, апаттың алдын алуға көмектеседі.

Рамазан аяқталғаннан кейін ұлық мереке - Айт басталмақ. Оны қалай қарсы алып, қалай өткізген дұрыс?

- Биылғы Айт мерекесі 5 маусымнан басталып, үш күн тойланады. Таңғы Айт намазынан кейін ауызы берік мұсылмандар ауыздарын ашып, айтшылай бастамақ. Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Мереке болғандықтан, оны да сауапты істерге арнап, туған-туыстар мен ағайын-таныстарды мейрамымен құттықтап, қолдан келсе, сыйлық жасап, қуантқанымыз жөн. Жаңа жыл, 8 наурыз сынды мерекелердегі сияқты сыйлық сыйлап, бір-бірімізді құрметтеп жатқанға не жетсін! Бұл - нағыз мұсылмандардың мерекесі ғой. Балаларға да Айттың мереке екендігін білдіру үшін демалысқа алып шығып, тәтті тағам беріп, ойын ойнатып, жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысу керек. Сонда баланың да көңілінде Айт мерекесіне деген жылылық пен естелік қалмақ, - дейді мешіт имамы.


Следующая →