ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды
Сәуір айының ортасынан бастап балық аулауға тыйым салынбақ. Маусым айының ортасына дейін жалғасатын уылдырық шашу уақытында балық аулауға қатаң тыйым салынып отыр
Балықтардың уылдырық шашу мерзімі әр көлде әртүрлі. Зайсан көлінде, одан әрі Қарақастан Күршімдегі Қайыңды ауылына дейінгі Бұқтырма су қоймасындағы балықтар 16 сәуір мен 30 мамырға дейін уылдырық шашады. Сондықтан бұл уақытта балық аулауға мүлдем тыйым салынады. Тіпті, қармақпен де балық аулауға болмайды.
Бұқтырма су қоймасының терең жерлері мен Бұқтырма СЭС-і маңында 1 мамыр мен 15 маусым күндері балық аулауға тыйым салынған.
- Шүлбі және Өскемен су қоймаларында, Ертіс өзенінің Өскемен су қоймасынан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі бөлігінде 10 мамыр мен 10 маусым күндері балық аулауға тыйым салынған. Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу өзендеріндегі балықтар 10 сәуірден 1 маусым аралығында уылдырық шашады. Ал Аягөз өзенінде 15 сәуір мен 1 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынады, - деп хабарлайды ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы.