Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +23°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ауруды жеңуге науқас та, дәрігер де мүдделі болуы керек

Биылдан бастап учаскелік дәрігерлердің еңбекақысы көтеріледі. Алайда бір шарт бар

Олар науқаспен жұмыс жасап, қарым-қатынас орнатудың заманауи тәсілдерін меңгеруі керек. Атап айтқанда, ауруды басқару тәсілін үйренгені абзал. 
- Ауруды басқару бағдарламасының науқасқа да, дәрігерге де пайдасы көп. Қазір әлем елдері ауруды жеңуге науқас та, дәрігер де мүдделі болған кезде ғана дерттен айығуға болатынын мойындап отыр. Біз бұл бағдарламаны биылдан бастап қолдана бастадық. Қазіргі уақытта учаскелік дәрігерлердің оннан бір бөлігі, яғни, 400-і аталған бағдарламаны меңгеріп шықты, қолдарында сертификаттары бар, - дейді Марат Едігеұлы.
Бұл медициналық бағдарламаға қысқаша тоқталатын болсақ, артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабетіне шалдыққан жандар емханаға жүгінген кезде, дәрігерлер оны бағдарламаға қатысуға шақырып, келісімшарт ұсынады. Ал келісімшартта дерттен қалай айығудың жолдары, ем-домы, тамақтану жайы, денсаулығын жақсартуға септігін тигізетін шаралар кезең-кезеңімен түсіндіріліп жазылады. Ал науқастың міндеті осы кеңес етілгендердің барлығын орындау болса, дәрігердің міндеті науқастың жай-күйін үнемі бақылап, сараптап, зерттеп отыру. 
- Қазір науқасты диспансерге жатқызу не болмаса, тіркеуге қоюдың өзі өте тиімсіз. Дәрігер де созылмалы дерті бар науқастарға дәрі-дәрмек жазып беруден ары бармайды. Ал науқастың дерттен айығуына дәрігердің өзі де мүдделі болса, онда дертті жеңуге де күш көбейеді. Өйткені дәрігердің бұл қызметі үшін оған қосымша қаржы төленетін болады, - дейді бас дәрігер.
Осы жылдың аяғына дейін емхана дәрігерлерінің барлығы ауруды басқару тәсілдерін үйреніп, сертификат алып шықпақ. 
- Содан соң ауруханаға үнемі жүгінумен жүрген созылмалы  дерті бар науқастарға келісім ұсынылады. Келісімге келген науқас күндік нормалардың барлығын орындап, өзі күтініп, дәрігерге қаралап, сауығудың жолына түседі, - дейді басшы.

Следующая →