Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Халық несиенің "құлы" болудан қорқады

Шығысқазақстандықтар "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеке тұрғын үй үшін несие алуға асығар емес

Аймақ халқының несие алуға құлықсыз болуының басты себебі – несиені төлеуге дәрменсіз.

Билік ШҚО-ның қалалары мен аудандарының инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін аймаққа шамамен 3 миллиард теңге жұмсаған.

- Семейде жеке тұрғын үй кезегінде тұрған 2638 адамның тек 54-і ғана төлемге қабілетті. Ал Өскеменде осы бағдарлама арқылы өтініш бергендердің басым бөлігі төлемге қабілеттілігін растай алмай отыр, - деп мәлімдеді ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Есенгельдинова.

Өскемендегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20-ші, 21-ші, 25-ші шағын аудандар мен Ахмер, Самсоновка ауылдары белгіленген. Олардың басым бөлігіне инфрақұрылым жүргізіліп, учаске берілсе де құрылыс қарқыны байқалмай отыр.

- Біз барлық қалалар мен аудандарда жеке тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту үшін 3 миллиард теңге жұмсадық. Енді ешкімнің төлем қабілеті жоқ екені анықталып отыр, - деп ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдік отырысы барысында наразылық білдірді. - Өткен жылы Өскемендегі 28-ші ықшам ауданында 609 миллион теңгеге үй салмақ болдық. Алайда әлі күнге дейін тендер де өткізілген жоқ. Төлемге қабілетті адамдар да табылған жоқ. Енді бұл қаражатты Семейдегі "Ақсай" шағын ауданына аударуды тапсырамын. Ол жердегі 50 үйге электр желісі мен су тартылсын.

Осылайша Даниал Ахметов қол астындағы шенеуніктерге Семей қаласынан ірі құрылыс компаниясын табуды және халық "Ақсай" ауданындағы 50 үйден "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы несиемен баспана алуы үшін ашық саудаға қоюды тапсырды.

Дегенмен, мемлекеттік бағдарламамен ШҚО-дағы 29 мыңнан астам жеке тұрғын құрылысы үшін жер алуға кезекте тұр. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс қалалары мен аудандарында жеке тұрғын үй құрылысында кезекте тұрған халықтың қаржылық және төлем қабілетіне терең талдау жүргізуді, сондай-ақ тек төлемге қабілетті адамдар тобына ғана несие беруді және сол адамдар тобына ғана инфрақұрылым жүргізуді тапсырды.

- 3-4 адамның құрылыс нысандары үшін миллиардтаған сома жұмсай алмаймыз. Осыдан былай тек несие ала алатындардың аумағында ғана инфрақұрылымды іске асырамыз, - деді Даниал Ахметов.

ШҚО әкімінің айтуынша, жағдай оңалмаса, билік болашақта тек халық арасында сұранысқа ие болған көппәтерлі үйлерді ғана салмақ.

Следующая →