Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жұмысы бар "жұмыссыздар"

Қазақстан азаматтары келесі жылдан бастап еңбекақысының 1 пайызын медициналық сақтандыру қорына аудара бастамақ

Ал Шығыс Қазақстанда 108 мыңға жуық азамат медициналық сақтандыруға қаржы аудара алмайтындай жағдайда екен. Өйткені бұлардың не жұмыссыз, не кәсіп иесі екендігі белгісіз.

Осыдан екі жыл бұрын мұндай "аты мен заты жоқ" азаматтардың саны 400 мыңға жуық болған. Дегенмен былтыр әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау, әділет департаменті мен зейнетақы қорының өкілдері үлкен жұмыс штабын құрып, мұндай күмәнді азаматтардың әрбірімен кездесіп, әлеуметтік топтың қай түріне жататындығын анықтауға тырысқан. Соның арқасында қазір "санатсыз" азаматтардың саны 108 мыңға дейін түскен.

Яғни, бұл азаматтардың жұмысы не кәсібі жоқ болғандықтан, не міндетті зейнетақы қорына да, не әлеуметтік сақтандыру қоры мен міндетті медициналық сақтандыру қорына да жарна аудармаған. Санда бар, бірақ санатта жоқ мұндай азаматтар әлеуметтік қорлардың ешбіріне қаржы аудармаған соң, ертең зейнетақыдан да, ауруханаларға тегін тексерілуден де, жұмысы жоқ кезде төленетін әлеуметтік төлемақыдан да қағылмақ.

- Сондықтан құрылған штаб мамандары мұндай тұрғындардың үйіне дейін барып, жеке өзіне әлеуметтік қорға қаржы аудармаудың салдары неге әкеп соғатынын түсіндіруге тырысты. Жылдың басында 188 мың адамның санаты анықталмаған болса, жарты жылдың ішінде 80 мың адам айналысып отырған кәсібін заңдастырып, жұмысы жоқтар жұмысқа орналасты. Ал кейбір азаматтар жұмыс істегенімен, еңбекақыны қолма-қол алады екен. Олардың кейбірі зейнетақы қорына да, міндетті медициналық сақтандыру қорына да жарна аударудан бас тартып, табысын заңдастырмаған. Оларға әлі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Ал кейбір жұмысшылар еңбекақы алғанымен, жұмыс берушісі оның зейнетақысы мен медициналық қорына қаржы аудармаған болып шықты. Ондай жұмыс берушілерге де кеңес беріліп, заң жағынан түсіндірілді, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова.

Енді қалған 108 мың азаматтың 45 мыңы - өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жандар. Яғни, олардың жеке шаруа қожалығы бар, бау-бақша өсірумен, мал бағумен айналысатын, такси жүргізумен, тігін тігумен, бала бағумен, үй шаруасымен айналысатын адамдар.

- Алайда олардың барлығы "кәсібін" заңдастырып, мемлекетке әлеуметтік жарналарды тегіс төлеуі тиіс. Олай болмаса, зейнетақыдан да, тегін медициналық тексерістен де қағылады, - деп түсіндірді Елена Васильевна.

Тым болмағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар міндетті зейнетақы қорына да, міндетті медициналық сақтандыру қорына да тіркеліп, өз атынан жарна құюға болады. Сондықтан азаматтардың өз өмірін өздері "кепілдендіруге" асыққаны жөн.

- Ал жұмыссыз ретінде тіркелгендерге медициналық сақтандыру қорына мемлекет өзі қаржы құятын болады. Қазір облыста 24 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген, - дейді Елена Старенкова.


Следующая →