Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қаржы қайда жұмсалмақ?

Облыстың экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы төрт ай сайын облыстық қазынаның жұмсалатын қаржысын реттеп бекітіп отырады

Қоғамдық тыңдау отырысында экономика басқармасы алдағы төрт айдың бюджеті жайлы баяндаманы таныстырды.

Күздегі бюджет қаржысы көмір сатып алуға, жол жөндеу, көпір салу, мүгедек жандарға керек-жарақ алуға, газ тарту жұмыстарын жасауға жұмсалмақ. Атап айтқанда, Семей қаласында салынып жатқан 350 орынға арналған медициналық колледждің жатақханасын сатып алуға 41 млн теңге, облыстық білім басқармасының оқулықтарды сатып алуына 189 млн теңге, мұғалімдерді қайта дайындауға 280 млн теңге, мүгедек жандарға ортопедиялық құрылғылар сатып алуға 29 млн теңге мен оларға демалыс жолдамаларын беруге 79 млн теңге жұмсалатындығы белгілі болды.

Сирек кездесетін ауру науқастарына тегін дәрі-дәрмек беру үшін 47 млн теңге бөлінбек.

- Биыл Күршімдегі Теректі-Ұрынхай-Тасқайың тас жолы жөнделіп бітпек. Оны аяқтауға 18 млн теңге бөлінбек. Ұлан ауданында су тасқынынан зардап шеккен Мамай батыр ауылының көпірін салуға 77 млн теңге бөлініп отыр. Өскемендегі Жібек жолы даңғылын жөндеуге 635 млн теңге қарастырылған, - дейді басқарма басшысының орынбасары Раушан Ластаева.

Одан бөлек, ауыл мен аудандағы мектептерге көмір сатып алу үшін де облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді.

- Көмір бағасы жыл сайын қымбаттап келеді. Ал аудан бюджетінде көмір сатып алуға артық қаржы жоқ, - дейді Раушан Мамашқызы.

Аудан бюджеті жылдың басында бекітілгендіктен, көмірдің көлемі былтырғы бағамен есептеліп кеткен. Былтыр көмірдің бір тоннасы 7600 теңге болған еді, биыл 8800 теңге болып отыр. Сондықтан мектептерге қыстық отын жетпей қалу қаупі бар.

Зайсан ауданының 9 елді мекеніне газ тарту ісі де сиырқұйымшақтанып кеткені белгілі. Ауылдарға газ тарту жұмыстары үш жыл бұрын аяқталып қойған, алайда әлі газ берілмей жатыр. Газ берілу үшін тоғыз ауылды да арнайы тасымалдаушы компанияға қосу керек. Бұл жұмыстарды жасау үшін 58 млн теңге бөлініп отыр екен.

Следующая →