Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде Сәтпаев даңғылы кеңейтілуде

Өскемен мен ЖМК ауданын жалғап жатқан Сәтпаев даңғылы жөнделіп біткен соң, елдегі ең кең көшелердің бірі болмақ

Оң жағынан төрт жолақ, сол жағынан төрт жолақ болып салынып жатқан көшенің жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталуы тиіс.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Сәтпаев даңғылы мен Астана көшелерінің жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтып, қала мен ауданды жалғап жатқан күре жолдың елдегі ең ірі даңғылға айналатындығын атап өтті.

- Елде Сәтпаев даңғылындай ұзын әрі кең бірде-бір көше жоқ. Даңғылдың оң жағында велосипед жолы, тротуар салынып, воркаут алаңдары жасалады, - дейді Даниал Ахметов.

Қазір даңғылдың бойына жауын суы ағып өтетін кәріз желісі салынып жатыр. 19-шы шағын ауданның барлық көшелеріне нөсер канализациясы салынып, ол одан әрі Сәтпаев даңғылына жалғаспақ. Одан бөлек, Шешек асуынан бастап Сәтпаев даңғылы бойымен ірі канал салынып жатыр. Таудан келген қар суы осы арық бойымен ағып Ертіске барып құймақ.

Облыс әкімшілігі үлкен канал мен нөсер канализациясын жаңа салынған даңғылдың жол қабатын су шайып кетпес үшін істеп отыр. Жолдың үстімен су ағатын болса, онда асфальтты шұрық-тесік етіп тастайтыны белгілі.

- Сәтпаев даңғылының бұрын салынған жол бөлігі әрі оның астында жатқан жер жынысы қазіргі көлік ағынын көтере алмайтыны белгілі болды. Егер даңғылды төрт жолақты етіп қана салсақ, онда көлік салмағы толығымен жолдың орталық бөлігіне түсіп, жол майысып кетуі мүмкін. Сондықтан даңғылдың бойы кеңейтіліп, сегіз жолақты жол салынып жатыр. Жолдың ені 32 метр болады. Жер қыртысы зерттеліп, жоба қайтадан жасалғандықтан, жол жөндеу жұмыстары созылып кетті, - деді бұл жайында ШҚО мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк қоғамдық кеңес отырысында.

Следующая →