Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Маса-шіркейден тазартылуда

Өскемен қаласында былтырдан бастап маса мен шыбын-шіркейді дезинсекциялау жұмыстары жүргізіле бастады. Ал бұған дейін мұндай  жұмыстар жасалмаған болатын

Мамандардың айтуынша, биыл маса-шіркейлер әдеттегіден көп. Өйткені көктемгі жауын-шашын мен ауаның ылғалдылығы масалардың дернәсіл тастауына оңды ықпал еткен. Әсіресе, Сібе мен Окуньки көлдері маңында масалар көп көрінеді.

- Көбінесе, демалыс базаларының тапсырысы бойынша жұмыс жасаймыз. Өйткені маса-шіркейлердің су жағасында көп болатыны белгілі. Ал саяжайды тазартуға тапсырыс түсе қойған жоқ. Сібе маңындағы бірнеше демалыс базасын дезинфекцияладық, - дейді "DezClean" компаниясының өкілі Дмитрий.

Ал жергілікті атқарушы билік санитарлық-эпидемиологиялық станцияның нұсқауы бойынша өзен жағасы мен адам көп жүретін аумақтарды масалардан тазарту жұмыстарын жасайды. Мәселен, биыл Жарма, Зайсан ауданы мен Курчатов, Риддер, Өскемен қалаларында маса-шіркейлерді дезинсекциялау жұмыстары жасалған.

- Жарма ауданы бойынша маса-шіркеймен күресу бағытында жергілікті бюджеттен 220 мың теңге қаражат бөлініп, "Циперметрин" биопрепараты сатып алынып, қоғамдық орындарға шашылды, - дейді Жарма аудандық ТҮКШ, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Талғат Есімжанов.

Ал Курчатов қаласы маса-шіркейлермен күресу үшін 1,2 млн теңге қаржы бөлген екен. Оған "Агран" биологиялық дәрмегі сатып алынып, өзен бойына дезинсекциялық жұмыстар жүргізілген.

Риддер қаласының мамандары су айдындары мен қала тұрғындарының демалыс орындарында барлығы 5 гектар жерге "Агран" препаратын сепкен. Биодәрмекті қолдану ережесі бойынша 1 гектарға 200 мл дәрі араластырған тұман сұйықтық себіледі.

Зайсан ауданы санитарлық қызметке 1 млн теңге қаржы бөліп, шыбын-шіркейді улауға "Агран", "Циперметрин" препараттары қолданылған. Барлығы 11 гектар жер тазаланған.

Кей аудандар зиянды жәндіктермен күрес жүргізуге ынталы болса, енді бір аудандар шыбын-шіркейді улау жұмыстарына мән бермейтін көрінеді. Мәселен, Бесқарағай, Зырян ауданы биыл биопрепараттар сатып алу мен конкурс арқылы компания жалдау шараларына қаржы бөлінбегенін хабарлады.

Әдетте, маса-шіркейлер жаз шығысымен үш рет уланады. Көктем кезінде маса-шіркейлер дернәсіл тастап үлгермес үшін күн жылынған уақытта бір рет улау жұмыстары жасалса, кейін маусым мен шілде айларының басында тазалау жұмыстары жасалады.


Следующая →