Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семей-Қарауыл тас жолы тамызға дейін жөнделіп біте ме?

Семей-Қарауыл тас жолы тамыз айына дейін жөнделіп бітуі керек болатын

Алайда облыс басшысы жол құрылысымен айналысып жатқан компанияның екі айдың ішінде жұмыстарды аяқтай алатынына күмән келтіруде.

Әкімнің ойынша, мәселенің барлығы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жол телімдерін мердігер компанияларға әділ бөліп бермеуінде. Өйткені тапсырыс беруші басқарма 129 шақырымға созылып жатқан жолды 117 шақырым және 12 шақырым етіп жөнсіз екіге бөліп, бүкіл жол телімін жөндеуге екі мердігер компанияны ғана жұмылдырған. Оның үстіне, 12 шақырым жолды 23 техникасы бар компания жөндеп жатқан болса, 117 шақырымына 25 техникасы ғана бар компания күрделі жөндеу жүргізуде.

- Құрылыс саласын монополизацияламау керек. Ұзын жолды екі-ақ компания ғана жөндеп жатыр. Ал нарықтағы басқа компаниялар жұмыссыз, құр қол отыруы керек пе?! Олар да жұмыс істеп, өздерін асырағысы келеді. Семей-Қарауыл тас жолын, кем дегенде, алты компанияға үлестіруге болатын еді. Сонда техника да, жұмыс күші де жетеді. Жол да сапалы салынар еді. Ал жиырма бес техникамен жол салып жатқан компания 120-ға жуық шақырымды аз уақыттың ішінде бітіре алады деп ойламаймын, - деді Даниал Ахметов әкім аппараты жиналысында.

Есесіне, жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатқан 42 шақырымдық Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолында 35 техника жұмыс жасап жатыр екен.

- Абай ауданы - Абай мен Шәкірімнің, Мұхтар Әуезовтің туған жері, киелі мекен. Мұнда келушілердің қарасы көп. Сондықтан жол сапалы салынуы тиіс, - деді аймақ басшысы.

Облыстық мәслихат депутаттары арнайы комиссия құрып, аталған жолдың сапасын қадағалауға алмақ. Абай ауданы мен Семей қаласының әкімдері де бұл жолдың дер кезінде салынып бітуіне жауап бермек.

Следующая →