Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағайда туризмді дамыту қолға алынды

Табиғаты өзгеше Бесқарағай ауданында ішкі туризмді дамытуға арналған бірқатар жаңа демалыс орындары қолға алынды

Бесқарағай ауданының басшылығы туризмді дамытуға күш жұмсауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев хабарлады. 
- Біздің міндетіміз – жағдай жасау. 2017 жылы қолға алынған біздің демалыс орнымызға келушілер саны да артып келеді. Демалыс орны неғұрлым жақсы болса, соғұрлым туристерді өзіне көбірек тартады деген заңдылықты басшылыққа алып отырмыз, – деп атап өтті  Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев.
Сонымен қатар, аталмыш ауданда туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Бұл ретте аудандағы "Елім-ай", "Қожагелді" – экологиялық, "Шошқалы" - емдік-сауықтыру туризмді дамыту бағыты қолға алынған. 
- "Елім-ай", "Қожагелді" демалыс базасы табиғатының қайталанбас сұлулығымен ерекшеленбек. Бұл жерде 250 орынға арналған котедждер мен қонақ үй, бассейн және киіз үй типті мейрамхана, қымызбен, балшықпен, пантымен емдеу, сондай-ақ спорттық кешендер мен массаж  түрлері бар, – дейді аудан әкімі.
Аталған демалыс орындарының біріне 151 млн теңге, екіншісіне 800 млн теңге қаражат жұмсалған. Сондай-ақ, демалыс орынының биылғы маусымдық кезеңі аудан халқына қызмет көрсетумен қатар, 80-ге жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік бермек.

Ал аудандағы Шошқалы көл суының минералдығы облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерге ие екендігі республикаға мәлім. Тұрғындардың сөзінше, көл суының құрамы Израильдегі Өлі теңіздің суына теңдес, Шошқалыға шет елден келетін туристер қарасы да аз емес.
- Бүгінде "Шошқалы" емдік-сауықтыру орынының маңындағы 20 га игерілмеген жерді инвесторлар назарға алса игі болар еді, - деп мәлімдеді аудан әкімі  Даулет Батырбаев.
Айта кетсек, ауданда негізгі капиталға салынған инвестицияның оң динамикасы сақталып отыр. 2017 жылы қаңтар-желтоқсан айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 есеге өсіп, 11764,4 млн теңге құраған.
Следующая →